Барыс – Сибирь матчы қарсаңында
26 Ақпан 2024

Барыс – Сибирь матчы қарсаңында

gd_social.jpg

«Барыс» 2023/24 жылдар маусымын өз айдынында «Сибирьге» қарсы ойынмен аяқтайды.

Өткен турда новосібірлік команда Уфада 2:1 есебімен «Салават Юлаевты» жеңді. Никита Коротков пен өзінің маусымдағы 27-шайбасын соққан команданың үздік снайпері Энди Андреофф нәтижелі соққылармен көзге түсті. Антон Красоткин 27 соққыны кері қайтарды.

Маусымның 67 ойынында «Сибирь» 67 ұпай олжалады, және «Барыс» сияқты бұл ұжым да плей-офф кезеңіне өте алмады. Сергей Кривокрасов командасының үздік сұрмергені Тэйлор Бек (14+32) тағы 4 ұпай олжаласа, маусымдағы 50-ұпайына қол жеткізеді.

Астаналық хоккейшілер сенбі күні өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда тағы да сәтсіздікке ұшырап, өз айдынында «Ладаға» есе жіберді (1:4). Тольяттилік клуб қақпасына соғылған жалғыз шайба авторы - «Барыстың» үздік сұрмергені Понтус Оберг (17+20). Андрей Шутов өз қақпасына бағытталған 22 соққының 18-іне тосқауыл болды. Даниил Апальков ҚХЛ-дағы 550-матчын өткізді.

Бүгінде Олег Болякин шәкірттері 67 ойында 48 ұпай олжалады. Қазақстандық ұжымның жарақат алғандар тізімінде Алекс Грант, Кирилл Савицкий мен Егор Шалапов бар. 

 

Кездесу «Барыс Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 «Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы