«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясын «Сібірге» қарсы ойынмен түйіндейді.
Новосібір қаласы командасы өткен турда қазандық «Ақ Барспен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз нәтижелі соққының авторы – Тэйлор Бек. «Сібір» қақпашысы Денис Костин 22 соққыға тосқауыл болған. Вадим Епанчинцев кездесуде табыстың сыры қорғаныстағы тәртіпті ойын мен шәкірттерінің айып уақытын алмауы екенін атап өтті.
«Сібір» маусымның 48 ойынында 49 ұпай олжалаған. Тревор Мерфи (10+38) – биылғы чемпионаттың үздік ассистенті және ең нәтижелі қорғаушысы. Денис Костин сенімділік коэффициенті (2,13) және кері қайтарылған соққылар көрсеткіші (93,3) бойынша Лиганың үздік қақпашылары қатарында. Команда қорғаушысы Федор Гордеев жарақат алғандар тізімінде.
«Барыс» бейсенбіде буллиттер соққысы нәтижесінде «Адмиралға» есе жіберді – 2:3. Дінмұхамед Қайыржан мен Дамир Жафяров маусымдағы алғашқы шайбаларын соқты. Никита Бояркин 34 соққыны кері қайтарды. Ғалым Мамбетәлиев жарақатынан айығып, қатарға қайта қосылған ойыншылардың әлі қажетті физикалық формаға келмегенін айтты. Қазақстандық ұжым қоржынында 49 кездесуден кейін 26 ұпай бар.
«Барыс» пен «Сібірдің» осы маусымдағы өзара теке-тіресінде Новосібір қаласы командасы алда – қарсылас үш матчтың екеуінде жеңіске жеткен (2:0, 2:0 – 1:3).
«Барыс» - «Сібір» матчы Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.
Кездесуді Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.