Барыс – Сібір матчы алдында
02 Қыркүйек 2025

Барыс – Сібір матчы алдында


Жаңа маусым басталар алдындағы соңғы ойында «Барыс» «Сібір» командасымен кездеседі.

Алғашқы матчта астаналықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Біздің құрамнан Кирилл Савицкий, «Барыс» жейдесіндегі алғашқы шайбасын соққан Джейк Масси және Алихан Асетов гол салды. Қарсыластардан жаңа ойыншы Скотт Уилсон көзге түсті. Қақпашы Андрей Шутов қақпаға бағытталған 20 соққыны қайтарды.

«Барыстың» жарақат алғандар тізіміне Тамирлан Гайтамиров енгізілді, ол тұрақты чемпионаттың басын өткізіп алады.

«Барыс» – «Сібір» арасындағы екінші матч астана уақытымен 18:00-де басталады.

Билеттерді арнайы бағамен «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ біздің YouTube-арнамыздан да тамашалауға мүмкіндік бар.

Матч алдында үшінші қабат фойесінде Батырлан Муратов пен Семён Симоновтың қатысуымен автограф-сессия өтеді. Басталуы 17:00.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


GAMEDAY SOCIAL (2).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс жастар командасының 2026/2027 маусымына арналған бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Барыс

Барыстың жастар арасындағы Қазақстан Кубогындағы матчтар күнтізбесі

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі