«Барыс» КХЛ тұрақты чемпионатының басталуына дайындықты өз алаңындағы «Сибирьге» қарсы бақылау матчтарымен жалғастыруда.
Новосибирск командасы маусымаралық ойындарын Блинов кубогында бастады. Омбыда Вадим Епанчинцевтің ойыншылары «Авангардқа» (2:3 ОТ), «Локомотивке» (1:4), «Северстальға» (1:3) есе жіберіп, «Нефтехимикті» буллит сериясында жеңді (2:1). Ерекше атап өтерлігі, «Сибирьдің» голдарын алты ойыншы соқты, ал ең көп ұпай жинаған Алексей Яковлев (1+2).
«Барыс» тамыз айының соңында толық емес құраммен Магнитогорскідегі Ромазан мемориалында ойнады. Астаналықтар «Магниткаға» да, «Металлургке» де 1:2 есебімен жол берді, ал овертаймда «Салават Юлаевты» 4:3 есебімен жеңді. Михаил Кравец командасындағы ең нәтижелі ойыншы Ансар Шайхмедденов (1+2) болды.
Алдағы «Сибирьге» қарсы кездесулерде «Барыс» тренерлік штабы барлық жаңа ойыншыларды сынақтан өткізе алады. Тамирлан Гайтамиров «Салават Юлаевқа» қарсы матчта алған жарақатынан әлі айығып жүр.
«Барыс» – «Сибирь» алғашқы ойыны Астана уақыты бойынша 17:00-де басталады.
Арнайы бағамен билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан алуға болады.
Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасынан, сондай-ақ біздің YouTube-арнамыздан тамашалауға болады.
Ойын алдында үшінші қабат фойесінде Тамирлан Гайтамиров пен Максим Мухаметовтың қатысуымен автограф-сессия өтеді. Шараның басталуы 16:00-де.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.