Барыс – Северсталь матчы қарсаңында
20 Ақпан 2025

Барыс – Северсталь матчы қарсаңында

GAMEDAY NEW.jpg


«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясының төртінші ойынында «Северстальмен» кездеседі.

Череповец қаласы командасы өткен турда өз айдынында СКА-ға есе жіберді (3:5). Михаил Котляревский, Адам Лишка мен Иоаннис Калдис айдын иелері сапынан гол соқты. Константин Шостак 24 соққыға тосқауыл болды. Андрей Козырев шәкірттерінің екінші кезеңнің ортасында көп тәртіп бұзып, басымдықты қарсыласқа беріп қойғанын айтты.

«Северсталь» маусымның 55 ойынында 69 ұпай еншілеген. Команданың үздік сұрмергені Кирилл Пилипенко (26+23) биылғы тұрақты маусымдағы 50-ұпайын олжалауға жақын. Данил Аймурзин (28 шайба) чемпионат снайперлерінің үздік төрттігінде. Қорғаушы Ярослав Дыбленко мен Артем Щучинов жарақат алған ойыншылар тізімінде.

Дүйсенбіде «Барыс» өз айдынында «Металлургті» қабылдап, жеңіліс тапты (1:3). Команда соққан жалғыз шайбаның авторы – Михаил Рахманов. Андрей Шутов 34 соққыны кері қайтарды. Ғалым Мамбетәлиев командасына қозғалыс пен концентрация жетіспегенін, алайда шәкірттерінің барын салып ойнағанын айтты.

Астаналық команда 56 ойында 29 ұпай олжалаған. Никита Бояркин жарақат алған ойыншылар тізіміне енгізілді және ҚХЛ-да маусымның соңына қатыспайды. Сондай-ақ, магнитогорскілік командамен матчта жарақат алған Самат Данияр медициналық себептерге байланысты ойынға қатыспайды. Данил Бутенко, Кирилл Панюков пен Роман Старченко Азиададан кейін «Барыс» сапындағы алғашқы ойынын өткізуге дайындалып жатыр.

Командалардың желтоқсанда өткен өзара кездесуінде қазақстандық ұжым 3:5 есебімен жеңіліс тапқан.

«Барыс» - «Северсталь» матчы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және KAZ cатып билет.png сайтымыздан алуға болады.  

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі