Маусымның соңғы матчында «Барыс» өз айдынында «Салават Юлаевты» қабылдайды.
Уфалық команда Қазақстанға келер алдында өткізген үш матчының үшеуінде де жеңіске жеткен. Өткен турда «Салават» сырт айдында «Сібірді» жеңді (3:1). Ярослав Цулыгин, Шелдон Ремпал мен Джошуа Ливо өз есептеріне бір голдан жазды. Джошуа Ливо маусымдағы 48-шайбасын соғып, тұрақты маусымдағы голдар саны бойынша Сергей Мозякиннің рекордын қайталады. Александр Самонов 30 соққыға тосқауыл болды. Виктор Козлов қарсыластың мықты тұстарын есепке алғанда, шәкірттерінің кем құрамда жақсы ойнағанын атап өтті.
Маусымның 67 матчында «Салават Юлаев» 91 ұпай еншілеген. Ливо биылғы тұрақты чемпионаттың тек үздік снайпері емес, сондай-ақ үздік сұрмерген ойыншысы (48+30). Семен Вязовой – сенімділік (1,82) және кері қайтарылған соққылар көрсеткіші бойынша (93,7) Лиганың екінші қақпашысы. Шабуылшылар Данил Алалыкин мен Глеб Кузьмин жарақат алған ойыншылар тізімінде.
«Барыс» бейсенбіде өз айдынында «Ақ Барстан» жеңілді (0:8). Айдын иелері қазандық команда қақпасына 19 соққы жасағанымен, бірде-біреуі нәтижеге ұласпады. Артем Шестаков 33 сейв жасады. Ғалым Мамбетәлиев екінші голдан кейін командасының өрескел қателер жібере бастағанын айтты.
Қазақстандық ұжым қоржынында 67 кездесуден кейін 35 ұпай бар. Сырқаттанып қалуына байланыста өткен ойынға қатыса алмаған Дінмұхамед Қайыржан бүгінгі матчқа қатысады деп жоспарланып отыр.
«Барыс» - «Салават Юлаев» матчы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Матч билеттерін 20% жеңілдікпен «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.