Барыс – Нефтехимик матчы қарсаңында
04 Қыркүйек 2024

Барыс – Нефтехимик матчы қарсаңында

GD SOCIAL (5).jpg

Құрлықтық хоккей лигасы жаңа маусымының алғашқы матчында «Барыс» өз айдынында «Нефтехимикті» қабылдайды.

Нижнекамскілік команда чемпионатқа дайындық барысында Уфада және Магнитогорскіде өткен екі маусымалды турниріне қатысты. 2024 жылғы Башқұртстан Республкиасы Кубогы аясында Олег Леонтьев шәкірттері «Автомобилист» командасын жеңіп (4:1), «Салават Юлаев» (2:4), «Металлург» (1:2) пен «Северсталь» (1:2) ұжымдарына есе жіберді.

Ал Ромазан Мемориалында «Нефтехимик» айтарлықтай жақсы өнер көрсетті. Турнир аясында команда ЖХЛ командасы «Магнитканы» (2:1) жеңді. Сонымен қатар, нижнекамскілік командаға «Металлургпен» кездесуде техникалық жеңіс берілді. Уфалықтарға қарсы ойында «Нефтехимик» буллиттер сериясында жеңіліс тапқанымен (3:4), бұл нәтиже команданың турнир жеңімпазы атануына жеткілікті болды.

Жазда қорғаушы Владислав Леонтьев пен шабуылшы Вячеслав Лещенко «Нефтехимик» сапына қайта оралды. Команданың қорғанысын өткен жылы «Авангард» құрамында ойнаған Роман Абросимов пен Богдан Киселевич толықтырды. Канадалық қорғаушы Лука Профака Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымын өткізуге дайындалып жатыр.

«Барыс» маусымға дайындықты Братиславада өткен Олимпиадаға іріктеудің финалдық кезеңіне қатысқан ұлттық құрама ойыншыларынсыз өткізді деуге болады. Дэвид Немировски бастаған бапкерлер құрамы Астана мен Омбыда өткен турнирлерде команданың барлық жаңа ойыншылары мен клуб жүйесінің көптеген жас ойыншыларын сынап көрді.

Блинов Кубогынан кейін клуб құрамына қорғаушы Виктор Антипин пен шабуылшы Антон Бурдасов қосылды. Ұлттық құрама мүшелері болса, Астанаға 3 қыркүйекте келді.

Бүгінгі күннің алғашқы жартысында «Барыс» ұзақ уақыттан бері алғаш реет толық құрамда жаттығу өткізеді. Одан кейін чемпионаттың алғашқы матчына қатысатын құрам анықталады.

Қазақстандық команданың жарақат алғандар тізімінде Батырлан Мұратов бар. Шабуылшы ҚР Президенті Кубогында алған жарақатынан кейін оңалту процесінен өтіп жатыр.

«Барыс» - «Нефтехимик» матчы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

Турнир матчына билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets ресурсынан сатып алуға болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан – Швейцария 2:3

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Украина – Қазақстан 3:5