Барыс – Нефтехимик матчы қарсаңында
03 Қараша 2024

Барыс – Нефтехимик матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Home (2).jpg

Өз айдынындағы матчтар сериясының екінші кездесуінде «Барыс» «Нефтехимикті» қабылдайды.

Нижнекамскілік команда Астанаға келер алдында қатарынан үш кездесуде жеңіліс тапты. Жұма күні «Нефтехимик» Екатеринбургте «Автомобилиске» есе жіберді – 2:3. Вяеслав Лещенко мен Евгений Митякин команданың ойында соққан екі шайбасының авторы атанды. Қақпашылар Филипп Долганов пен Артем Загидуллин жалпы 17 соққыға тосқауыл болды. Олег Леонтьев командасы үшін бірінші кезеңнің сәтсіз болғанын, бірақ олардың соңына дейін күрескенін айтты.

«Нефтехимик» 23 матчта 21 ұпай олжалады. Андрей Белозеров (5+7) – Татарстан командасының ең нәтижелі ойыншысы. Филипп Долганов кері қайтарылған соққылар көрсеткіші (93,2) бойынша Лиганың үздік 7 қақпашысының тізіміне енеді. Қорғаушы Роман Абросимов, шабуылшылар Владимир Брюквин, Александр Дергачев пен Жан-Себастьен Ди жарақат алғандар тізімінде.

«Барыс» өткен турда Джереми Смиттің қақпасының кілтін таба алмай, «Куньлуньге» есе жіберді (0:2). Астаналықтар қарсылас қақпасына бар-жоғы 19 соққы жасады. Ал Никита Бояркин жалпы 29 соққыға тосқауыл болып, қатарынан үшінші ойында өз қақпасына тек бір гол жіберді. Бейжің қаласы командасы екінші шайбаны бос қақпаға соқты. Ғалым Мамбетәлиев команданың физикалық жүктемеден кейін әлі толық қалыпқа келмегенін, кей сәттерде шәкірттеріне салқынқандылық жетпегенін атап өтті.

Қазақстандық ұжым қоржынында 20 кездесуден кейін 11 ұпай бар. «Барыстың» үздік сұрмергені болып Әлихан Өмірбеков (3+4) қала беріп отыр. 92,7% көрсеткішімен Никита Бояркин кері қайтарылған соққылар компоненті бойынша Лиганың үздік сегіздігін түйіндеп тұр. Роман Старченко мен Виктор Антипин жарақаттарынан айығуды жалғастырып жатыр. Максим Мухаметов болса, жарақат алғандар тізімінен шығарылды. Команда сапына осыдан бірнеше күн бұрын клубпен үш жылдық келісімшартқа қол қойған Андрей Шутов келіп қосылды.

Биылғы маусымда командалар өзара бір кездесу өткізді. Екі ай бұрын нижнекамскілік команда Астанада жеңіске жеткен (2:1 ОТ).

«Барыс» - «Нефтехимик» матчы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.  

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан алуға болады.

Кездесуді KHL телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

new-preview
Barys
Nomad

«Барыс» жүйесіндегі хоккейшілері әлем чемпионатында қалай ойын көрсетті

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IA. Қазақстан – Франция 2:1 Б