Жаңа жылдың алғашқы матчында «Барыс» өз айдынында «Ладаны» қабылдайды.
Тольяттилік команда жаңа жылды жеңіліспен бастап, команда «Ақ Барсқа» есе жіберді - 1:3. Қазандағы барлық шайба ойынның қорытынды бөлігінде соғылғанын айта кету керек. «Лада» голының авторы – Александр Волков. Александр Трушков 23 соққыға тосқауыл болды. Тольяттилік ұжымның бас бапкерінің міндетін атқарушы Павел Зубов команданың ойынға баяу бейімделгенңн, екі кезең бойы «А» Барс» басымдыққа ие болғанын айтты.
«Лада» 38 ойында 35 ұпай еншілеген. Команданың қазіргі таңдағы ең үзідк сұрмергені – Дмитрий Кугрышев (6+10). Шабуылшылар Никита Попугаев пен Владислав Червоненко жарақат алғандар тізімінде.
«Барыс» өзінің соңғы ойынын Уфада өткізіп, «Салават Юлаевтан» ойсырай ұтыды (0.6). Ғалым Мамбетәлиев шәкірттерінің өздеріне ұқсамағанын айтты.
Маусымның 43 кездесуінде қазақстандық ұжым 23 ұпай олжалады. Антон Бурдасов (12+7) – «Барыстың» ең нәтижелі ойыншысы. Жарақат алғандар тізіміндегі Роман Старченко мен Максим Мухаметовтің қатарына Батырлан Мұратов қосылды.
«Барыс» - «Лада» матчы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Ойын билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және біздің сайтымыздан сатып алуға болады.
Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.