Барыс – Динамо Мәскеу матчы алдында
15 Қыркүйек 2025

Барыс – Динамо Мәскеу матчы алдында

«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы өз алаңындағы сериясын мәскеулік «Динамо» ойынымен аяқтайды.

Алексей Кудашовтың ойыншылары әзірге төрт матчтың ішінде тек бір ғана жеңіске жетті, ол да буллит сериясында. Өткен турда «динамолықтар» Омбыда өткен тартысты кездесуде «Авангардан» (4:7) ұтылды. Қонақтар сапында Седрик Пакетт, Джоран Уил, Игорь Ожиганов және Артём Швец-Роговой жаңа маусымдағы алғашқы шайбаларын соқты. Максим Моторыгин 31 соққыдан кейін 6 шайба жіберіп алды, содан соң ойынға КХЛ-дегі дебютін жасаған Владимир Селиванов шықты. «Ақ-көк» командасының бас бапкері екінші кезеңді сәтсіз өткізгенін айтып, дәл осы аралықта төрт гол жіберілгенін атап өтті.

Регулярлық чемпионаттың басында мәскеулік команда 3 ұпай жинады. Қазіргі уақытта ең нәтижелі ойыншысы, қорғаушы Даниил Пыленков (1+3). Жарақат алғандар қатарында шабуылшы Артём Михеев бар.

«Барыс» сенбі күні маусымдағы алғашқы жеңілісін минскілік «Динамодан» (1:3) тапты. Астаналық клуб сапындағы алғашқы шайбаны Майкл Веккьоне соқты. Андрей Шутов қақпасында 33 сейв жасады. Максим Мухаметов пен Бейбарыс Оразов КХЛ-дегі 50-ші матчына шықты. Ал Вячеслав Колесников лигада алғаш рет ойнады. Михаил Кравец ойыншыларының өсуге, шеберлігін арттыруға және хоккейлік IQ-ін көтеру керек екенін мәлімдеді.

Үш кездесуден кейін қазақстандық клубтың еншісінде 4 ұпай бар. Қазіргі уақытта «Барыстың» ең нәтижелі ойыншылары – Кирилл Савицкий мен Эмиль Галимов (екеуінде де 2+1), сондай-ақ Динмухамед Қайырхан  мен Майкл Веккьоне (екеуінде де 1+2). Минскідегі кездесуде жарақат алған Тайс Томпсонның ойынға қатысуы күмән тудырады. 

«Барыс» – «Динамо» Мәскеу матчы Астана уақыты бойынша 19:30-да басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

Ойынның тікелей трансляциясы Qazsport арнасында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


GD 15.09.jpg 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Логан Дэй – Барыстың жаңа ойыншысы

new-preview
Barys

Барыстың трансфер кезеңі ашылған күндегі жаңалықтары

new-preview
Barys

Барыс Мұратов, Шил және Мухаметовқа квалификациялық ұсыныс жасады