Барыс – Динамо Минск матчы алдында
13 Қыркүйек 2025

Барыс – Динамо Минск матчы алдында


«Барыстың» өз алаңындағы сериядағы үшінші қарсыласы минскілік «Динамо».

Дмитрий Квартальновтың ойыншылары өткен турда Нижнекамскіде жеңісті қолдан шығарып алды (3:4). Бірінші кезеңде Сергей Кузнецов, команданың жаңа ойыншысы Станислав Галиев және Илья Усовтың дәл соққылары «зубрларға» айқын басымдыққа ие болуға мүмкіндік берді, алайда кейін «Нефтехимик» бастаманы өз қолына алып, жеңісті жұлып әкетті. «Динамо» қақпашысы Василий Демченко қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды.

Минскілік команданың бас бапкері екінші және үшінші жиырма минутта ойыншылары күрес пен қозғалысты тоқтатып, көптеген шайбаны жоғалтқандарын атап өтті. Регулярлы чемпионаттың алғашқы екі кездесуінен кейін «динамолықтардың» еншісінде екі ұпай бар.

«Барыс» КХЛ-дағы соңғы 11 маусымда алғаш рет чемпионат басталғанда екі ойында қатарынан жеңіске жетті. Сейсенбі күні астаналықтар өз алаңында буллит сериясында «Амурды» (4:3) тізе бүктіріп, хабаровскіліктерге қарсы сәтсіз сериясын үзді. Өздерінің голдық сериясын Райли Уолш пен Кирилл Савицкий жалғастырды, соңғысы жеңіс голының авторы атанды. Эмиль Галимов қазақстандықтар сапында ресми матчтағы алғашқы шайбасын соқты. Динмухамед Қайыржан екі нәтижелі пасымен көзге түсті. Андрей Шутов 23 сейв жасады.

Михаил Кравецтің айтуынша, екі шайбаны жіберіп алған соң команда мінез көрсете алды, ал Тайс Томпсонның төбелесі қосымша жағымды эмоция сыйлады. «Барыстың» еншісінде екі ойыннан кейін төрт ұпай бар.

«Барыс» – «Динамо» Минск матчы Астана уақыты бойынша 17:00-де басталады.


Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport арнасында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


GD SOCIAL (5).jpg

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

video-preview
Барыс

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер мектебі 2025-2026 оқу маусымын ресми түрде аяқтады.

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер