Автомобилист - Барыс матчы алдында
16 Желтоқсан 2025

Автомобилист - Барыс матчы алдында

Бірінші арна кубогының өтуіне байланысты болған үзілістен кейін «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистпен» кездеседі.

Уралдықтар өткен турда өз алаңында «Северстальді» 4:1 есебімен жеңді. Шайбаларды Никита Трямкин, Анатолий Голышев, Рид Буше және Семён Кизимов соқты. ҚХЛ-дегі дебюттік ойынын өткізген қақпашы Никита Новосёлов қақпаға бағытталған 35 соққыны тойтарды. Екатеринбург командасы үшін бұл жеңіс ҚХЛ-дегі 500-ші жеңіс болды. «Автомобилист» бас бапкері ойыншыларының қарсыласта дер кезінде өз мүмкіндіктерін іске асырып жеңгеніне қуанышты.

34 матчтан кейін 39 ұпай жинаған «Автомобилист» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Команданың үздік бомбардирі Рид Бушенің еншісінде 24 (9+15) ұпай бар. Владимир Галкин маусымдағы ең сенімді қақпашылардың бірі саналады - оның сенімділік коэффициенті 2,09, ал сейв пайызы 93,4%. Жарақат алғандар қатарында қорғаушы Сергей Зборовский, сондай-ақ шабуылшылар Максим Денежкин мен Стефан Да Коста бар.

Үзіліс алдында «Барыс» өз алаңында «Сибирьге» буллиттер сериясында 1:2 есебімен есе жіберді. Мэйсон Морелли маусымдағы ұпай санын 20-ға (8+12) жеткізді. Андрей Шутов 27 сейв жасады. Михаил Кравец овертаймда командасы бүкіл ойынға қарағанда көбірек қауіпті сәттер құрғанын атап өтті.

Қазақстандық клубтың қоржынында 35 кездесуден кейін 30 ұпай бар. Қазіргі таңда команда конференцияда тоғызыншы орында, плей-офф аймағынан небәрі бір ұпайға қалып келеді. Райли Уолш (9+16) чемпионаттағы ең нәтижелі қорғаушылардың топ-7 қатарына кіруін жалғастыруда. Алдағы матчтарда «Барыс» бапкерлер штабы Адам Шилсыз ойнауға мәжбүр болады - қақпашы жарақат алғандар тізіміне енгізіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

GD SOCIAL (7).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Литва – Қазақстан 1:4

new-preview
Barys
Nomad

Номад бірқатар ойыншыға квалификациялық ұсыныстар жасады

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.