Шағын үзілістен кейін «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы ойындарын өз айдынында «Авангардқа» қарсы кездесумен жалғастырады.
Омбы командасы бейсенбі күні Нижнекамскіде «Нефтехимикті» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз шайбаны қорғаныста ойнайтын Михаил Гуляев соқты. Бұл матчта ол шабуыл шебінде ойнады. Қақпашы Никита Серебряков 42 соққыға тосқауыл болды. Бас бапкер Ги Буше ойыншыларының алғашқы екі кезеңдегі ойынына оң баға бергенімен, үшінші кезеңде команда қарқынын сәл бәсеңдеткенін атап өтті.
«Авангард» 12 матчтан кейін 12 ұпай жинады. Команданың үздік сұрмергені - Джошуа Ливо. Оның еншісінде 10 (4+6) ұпай бар. Жарақатына байланысты Егор Афанасьев, Александр Волков, Максим Лажуа және Николай Прохоркин алдағы кездесуге қатыса алмайды.
«Барыс» өткен турда маусымдағы алғашқы камбэк жеңісіне қол жеткізді. Астаналықтар Мәскеуде «Спартакты» буллиттер сериясында тізе бүктірді. Кездесу барысында Әлихан Өмірбеков, Әлихан Әсетов (маусымдағы алғашқы шайбасы) және Тайс Томпсон мергендік танытты. Тайс Томпсон ойынның соңғы минуттарында қарсылас қақпашысын алтыншы ойыншыға алмастырған сәтті пайдаланып, есепті теңестірді. Өткен аптаның ҚХЛ-дағы үздік қорғаушысы атанған Логан Дэй серіктестерінің үш шайбасына нәтижелі пас берді. Жеңіс буллитін Гарретт Пилон орындаса, Андрей Шутов 41 соққыны қайтарды. Бас бапкер Михаил Кравец командасының мінезі мен жеңіске деген жігерін атап өтті. Сонымен қатар, ойыншыларының орынсыз айып минуттарына жиі ұшырайтынын да жасырмады.
Қазақстандық клуб 12 матчтан кейін 14 ұпай жинады. Джастин Бэйли 8 гол мен 6 нәтижелі пас авторы атанып, команданың үздік сұрмергені болып отыр. Ал Семён Симонов ҚХЛ-дағы пайдалылық көрсеткіші бойынша (+11) көш бастап келеді. Жарақатына байланысты Мади Диханбек әзірге командаға көмектесе алмайды.
«Барыс» пен «Авангард» арасындағы матч Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.
Бұл кездесуге арналған барлық билет сатылып кетті.
Матчты KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.