Барыс – Авангард матчы қарсаңында
24 Қараша 2024

Барыс – Авангард матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Home (7).jpg

«Барыс» қараша айында өз айдынында өткізетін матчтар сериясының «Авангардпен» кездесумен қорытындылайды. Матч қазақстандық клубтың 25 жылдық мерейтойына арналады.

Омбылық клуб дәл астаналықтар секілді плей-офф үшін талас жүргізіп келеді. Өткен турда «Авангард» өз айдынында «Адмиралд» жеңді (2:1). Матчта Илья Рейнгардт пен Николай Прохоркин нәтижелі соққылардың авторы атанды. Қақпашы Павел Хомченко 30 соққыға тосқауыл болды. Сергей Звягин ойынды белсенді бастау мен жылдам гол соғу командасына жеңіс сыйлағанын айтты.

Маусымның 27 матчында омбылықтар 24 ұпйа еншілеген. Команданың үздік сұрмергені Дамир Шарипзянов (2+17) чемпионаттың ең нәтижелі қорғаушыларының үштігіне кіреді. Қақпашы Михаил Бердин, қорғаушылар Сергей Бойков пен Даниил Степанов жарақат алған ойыншылар тізімінде. Ауыр жарақат алған Владимир Тркачев әлі де болса өз командасына көмектесе алмайды. «Барыспен» матч алдында омбылық ұжым қорғаушы Даррен Дицпен келісімшартты үзді.

«Барыс» жұма күні Виктор Кобозев қорғаған қақпаның кілтін таба алмай, маусымда екінші рет «Амурға» есе жіберді. Айдын иелері қарсылас қақпасына 28 соққы жасағанымен, олардың бірде-біреуі нәтижелі шықпады. Никита Бояркин 32 сейв жасады, ол кері қайтарылған соққылар көрсеткіші (93,4) бойынша Лиганың үздік жеті қақпашысының қатарына енеді. Ғалым Мамбетәлиев шәкірттеріне зейін жетіспегенін, команданың кей сәттерде ғана жақсы ойнағанын атап өтті.

Қазақстандық ұжым қоржынында 29 ойыннан кейін 20 ұпай бар. Биылғы маусымда «Барыс» пен «Авангард» екі мәрте кездесіп, командалар өз айдындарында өткізген ойында жеңіске жетті (4:0 Омбыда, 1:0 Астанада).

 «Барыс» - «Авангард» матчы Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.

Еске салайық, «Барыс» туған күніне орай Қайрат Нұртас өнер көрсетеді. Ойын алдындағы шоу сағат 16:00-де басталады. Өз орныңызға жайғасып үлгеру үшін аренаға ертерек келуіңізді сұраймыз.

Мачт билеттері толықтай сатылып кетті.

Кездесуді Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.

new-preview
12 фото
Nomad

PRO LIGASY финалының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

new-preview
Barys
Nomad

Номад – Қазақстанның үш дүркін чемпионы