Барыс – Амур матчы қарсаңында
04 Ақпан 2024

Барыс – Амур матчы қарсаңында


«Барыс» өз айдынындағы ойындар сериясын «Амурға» қарсы матчпен жалғастырады. Бұл командалардың осы маусымдағы алғашқы бетпе-бет кездесуі болмақ.

Хабаровскілік команда батысқа жасайтын сапарын «Сибирьге» қарсы ойынмен бастап, буллиттер сериясында жеңіліс тапты (3:4). «Амур» кездесу барысында екі шайба айырмашылығымен алда тұрғанымен, есептегі бұл басымдықты сақтап қала алмады. Виктор Баллаев, Егор Коршков пен Ефим Гуркин хабаровскілік ұжым сапынан нәтижелі соққыларымен көзге түсті. Қақпашы Игорь Бобков 34 соққыға тосқауыл болды.

Андрей Мартемьянов бастаған команда маусымның 58 ойынында 56 ұпай олжалап, плей-офф жолдамасы үшін таланты жалғастырып келеді. «Амурдың» үздік сұрмергені Егор Коршковтың еншісінде 36 (14+22) ұпай бар. Команданың жарақат алғандар тізімінде қорғаушылар Кэмерон Ли мен Яков Рылов, сондай-ақ шабуылшы Пётр Хохряков бар.

«Барыс» соңғы ойында өз айдынында «Авангардқа» жол беріп (1:3), қатарынан алтыншы рет жеңіліс тапты. Омбылық клуб қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы – Аркадий Шестаков. Эдвард Паскуале қарсыластың 31 соққысын кері қайтарды. Самат Данияр ҚХЛ-дағы 150-матчын өткізді.

Команданың алдағы ойындарына жарақат алғандар тізіміне енгізілген Батырлан Мұратов қатыса алмайды. Сонымен қатар, бұл тізімде Алекс Грант пен Джозеф Лабейт қала беріп отыр.

Кездесу «Барыс Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассалары мен hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.

Ойынды KHL және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

gd_social (19).jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Максим Мухаметов Барыстан кетті

new-preview
Barys

Батырлан Мұратов Барыста тағы бір маусым қалады

new-preview
Barys
Nomad

Номад пен Торпедо ойыншыларға қатысты құқықтармен алмасты