Барыс – Амур ойыны алдында
09 Қыркүйек 2025

Барыс – Амур ойыны алдында

«Барыс» жаңа маусымдағы алғашқы өз алаңындағы сериясын «Амурға» қарсы кездесумен жалғастырады.

Хабаровск командасы тұрақты чемпионаттағы алғашқы ойынында сырт алаңда «Сібірді» 2:0 есебімен жеңді. Жеңісті Сергей Дубакин мен Олег Лидің дәл соққылары әкелді. Қақпашы Максим Дорожко 34 соққыны тойтарды. «Жолбарыстардың» жаңа бас бапкері Александр Гальченюк шәкірттерінің жанкештілігін және қарсыластың көптеген соққысын тосып тастағанын ерекше атап өтті. Қазіргі таңда Қиыр Шығыс клубының қоржынында екі ұпай бар.

«Барыс» алғашқы ойынында толы арена алдында «Тракторды» овертаймда 4:3 есебімен жеңді. КХЛ-дегі алғашқы шайбаларын Тайс Томпсон мен жеңіс голын соққан Райли Уолш енгізді. Сондай-ақ Ансар Шайхмедденов (1+1) пен Кирилл Савицкий мергендігімен көзге түсті. Астаналық клуб сапында алғашқы ұпайларын Майкл Веккьоне, Эмиль Галимов, Мэйсон Морелли және Джейк Масси иеленді. Қақпашы Андрей Шутов 27 соққыны сәтті қайтарды. Бас бапкер Михаил Кравец жеңісте жанкүйерлердің қолдауы үлкен рөл атқарғанын айтып, барлық шабуыл шебінің үйлесімді ойынын да жоғары бағалады.

Қазіргі уақытта елордалық команда да екі ұпай еншілеп отыр. Дегенмен, алдағы матчтарда «Барыс» жаттықтырушылар штабы жарақат алған Иэн Маккошенсіз әрекет етуге мәжбүр.

«Барыс» – «Амур» кездесуі астана уақытымен 19:00-де басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан алуға болады.

Ойынның тікелей көрсетілімі KHL және KHL Prime телеарналарынан беріледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


GD SOCIAL (2).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі