Барыс – Амур матчы қарсаңында
09 Қыркүйек 2024

Барыс – Амур матчы қарсаңында

GD Social (6).jpg

«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясының үшінші ойынында «Амурмен» кездеседі.

Хабаровскілік команда биылғы маусымды сәтсіз бастап, әзірге бірде-бір шайба соққан жоқ. Сенбі күні сырт айдында «Витязьбен» өткен кездесу 0:2 есебімен аяқталды. «Амур» қарсылас қақпасына 29 соққы жасағанымен, айдын иелерінің қақпашысы Максим Дорожко сенімді ойын өрнегін көрсетті. Игорь Бобков 19 сейв жасады. Андрей Мартемьянов тапсырманы орындау мен ойынға деген құлшыныс жөнінен ешбір хоккейшіге мін тағу мүмкін еместігін жеткізді.  

Бүгінде «Амур» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде көш соңында тұр. Команданың жарақат алғандар тізімінде шабуылшы Илья Талалуев бар.

«Барыс» жаңа маусымды бүгінгі қарсыласына қарағанда жақсы бастады, дегенмен өткен «Трактормен» матчта Дэвид Немировски шәкірттері ұпай олжалай алған жоқ (1:4). Челябілік команда қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы – Руслан Оспанов. Оның дәл қазіргі сәтте Уэйд Эллисонмен қатар астаналық ұжымның үздік сұрмергені екенін айта кеткен жөн. Никита Камалов жаңа команбасы сапындағы алғашқы ұпайын олжаласа, Юхан Маттссон 27 соққыға тосқауыл болды. Антон Бурдасов ҚХЛ-дағы 750-матчын өткізді. Максим Мухаметов «Барыс» құрамында дебют жасап, Кирилл Панюков қазақстандық командаға оралғаннан кейінгі алғашқы матчын өткізді. «Барыс» бас бапкері ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында екінші жиырма минуттықтың шешуші рөл ойнағанын, командасының өз аймағында өрескел қателіктерге жол беріп, қарсыластың үш шайба соғуына мүмкіндіа беріп қойғанын атап өтті.

Қоржынында бір ұпайы бар астаналық команда Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр. Батырлан Мұратов пен Владислав Кодола жарақат алғандар тізімінде. Сенбі күні «Барыс» америкалық шабуылшы Чейс де Леомен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді. Форвард команда сапына сәрсенбі күні қосылады деп күтілуде. Бүгіг «Барыс» БЖСМ түлектерінің бірі Олег Бойко Құрлықтық хоккей лигасындағы дебюттік матчын өткізуі мүмкін.

«Барыс» - «Амур» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Кездесуді KHL телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.


 «Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды

new-preview
Barys

Маусым қорытындылары. Райли Уолш

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IА. Қазақстан – Польша 3:2