Барыс – Ақ Барс матчы алдында
18 Қазан 2025

Барыс – Ақ Барс матчы алдында

«Барыс» өз алаңындағы ойындар сериясын «Ақ Барсқа» қарсы кездесумен жалғастырады.

Қазір Қазан клубының қоржынында алты матчтық жеңіс сериясы бар. Өткен турда «Ақ Барс» Новосибирскіде «Сібір» командасын 4:1 есебімен тізе бүктірді. Артём Галимов, Митчел Миллер, Кирилл Семёнов және Владимир Алистров өз есептерін толықтырды. Қақпашы Михаил Бердин қақпаға бағытталған 19 соққыны тойтарды. Бас бапкер Анвар Гатиятулиннің айтуынша, бұл сырт алаңдағы серия барысында команда бірнеше міндетті қатар шешіп жатыр, соның бірі – ойын тұрақтылығын табу.

Өткізілген 16 ойында қазандықтар 21 ұпай жинады. Команданың үздік бомбардирі Кирилл Семёнов (6+7). Митчел Миллер (5+8) Лигадағы ең нәтижелі қорғаушылардың алғашқы бестігіне кіреді. Қорғаушы Альберт Яруллин жарақатына байланысты алаңға шықпайды.

«Барыс» бейсенбі күні өз жеңілістер сериясын үзіп, эмоциялық тартысқа толы ойында «Авангардты» 6:2 есебімен жеңді. Астаналықтардың үздік бомбардирі Райли Уолш (6+9) нәтижелілік сериясын бес матчқа жеткізді. Ол қазіргі чемпионаттағы ең күшті қорғаушылардың үздік үштігіне кіреді. Мэйсон Морелли маусымдағы ұпайларын 10-нан асырды (4+7). Адиль Бекетаев осы маусымдағы алғашқы шайбасын соқты. Қақпашы Адам Шил 42 сейв жасады. Бас бапкер Михаил Кравецтің айтуынша, әр ойыншы 200 пайызға ойнады, бұл көптен күткен жеңісті алып келді.

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың  еншісінде 17 матчтан кейін 16 ұпай бар. Бұл «Барыс» пен «Ақ Барстың» биылғы тұрақты чемпионаттағы үшінші кездесуі. Алдыңғы екі ойында да жеңіс қазандықтардың еншісінде болған, олар минималды есеп айырмасымен жеңіске жетті (2:1 және 4:3).

«Барыс» – «Ақ Барс» матчы Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

GAMEDAY social.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Қазақстан – күміс жүлдегер

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты. Қазақстан – Швейцария 2:3

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy
Барыс

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты IA. Украина – Қазақстан 3:5