«Барыстың» өз айдынындағы матчтар сериясы аясындағы келесі қарсыласы Шығыс конференциясы көшбасшыларының бірі «Ақ Барс» командасы болады.
Астанаға келмес бұрын қазандық хоккейшілер өз айдынында керемет матчтар сериясын өткізді. «Ақ Барс» төрт матчта мүмкін сегіз ұпайдан жетеуін еншіледі. Алайда өткен турда Татарстан астанасының командасы буллиттер сериясында «Локомотивке» есе жіберді - 2:3. Қазандық клуб шабуылының көшбасшысы Александр Барабанов дубль жасап, көзге түсті. Айдын иелерінің қақпашысы Амир Мифтахов 24 соққыға тосқауыл болды. Анвар Гатиятуллин шәкірттерінің мінез, қарсыластық көрсету мен тәртіп жағынан жеңіске лайық болғанын айтты.
19 матчта қазандық команда 25 ұпай еншіледі. Команданың ең нәтижелі ойыншысы Александр Барабановтың қоржынында 19 (7+12) ұпай бар. Қақпашы Амир Мифтахов – сенімділік (1,68) және кері қайтарылған соққылар көрсеткіші (94,3) бойынша биылғы тұрақты чемпионат үздігі.
«Барыс» жексенбіде буллиттер сериясында «Нефтехимикті» жеңіп, турнирлік кестедегі соңғы орыннан бір саты жоғарылады. Кирилл Савицкий жарақатынан кейін өткізген алғашқы матчында сан басымдығында гол соғып, көзге түсті. Батырлан Мұратов маусымдағы алғашқы нәтижелі ұпайын еншіледі және буллитер сериясында шешуші соққыны орындады. Никита Бояркин 31 соққыға тосқауыл болып, сенімділік (2,2) пен кері қайтарылған соққылар көрсеткіші (93) бойынша қақпашылар рейтингінде жоғары көтерілді. Ғалым Мамбетәлиев командасының бірінші кезеңді нашар өткізгенін, бірақ артынша жігіттердің сілкініп, таразы басын теңестіргенін және негізгі уақытта-ақ матч тағдырын шешуге қабілетті болғандарын атап өтті.
Қазақстандық команданың қоржынында 21 матчтан кейін 13 ұпай бар. Әлихан Өмірбеков (3+4) астаналыұ ұжымның үздік сұрмергені болып қала беріп отыр. Алдағы ойындарда командаға Дамир Жафяров көмектесе алмайды. Шабуылшы нижнекамскілік командаға қарсы ойында соққыға тосқауыл болып, нәтижесінде жарақат алды. Сонымен қатар, бұл тізімде Виктор Антипиг бар. Ал Роман Старченко жалпы топтағы жаттығуға кірісті.
Қыркүйекте командалар Қазанда кездесіп, айдын иелері 5:0 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізген.
«Барыс» – «Ақ Барс» матчы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және
сайтымыздан алуға болады.
Кездесуді Qazsport, KHL және KHL Prime телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.