Барыс – Адмирал матчы алдында
29 Қыркүйек 2025

Барыс – Адмирал матчы алдында

«Барыс» тұрақты чемпионаттың алғашқы айын өз айдынында «Адмиралға» қарсы кездесумен қорытындылайды.

Қиыр Шығыстан келген команда астанаға ұзаққа созылған өз алаңындағы ойындар сериясынан кейін келді. Соңғы матчта «теңізшілер» ЦСКА-ға (4:5) есе жіберді. Бұл ойында қос голдың авторы Степан Старков болса, тағы бір-бірден шайбаны команда үздігі әрі ең нәтижелі ойыншысы Александр Дарьин (2+4) мен Кайл Олсон соқты. Қақпашы Адам Хуска қақпаға бағытталған 25 соққыны қайтарды. Бас бапкер Леонид Тамбиев ойыншыларға ешқандай наразылығы жоқ екенін айтты, дегенмен осындай кездесулерді жеңіске жеткізуге үйрену керектігін атап өтті.

Жеті матчта «Адмирал» 8 ұпай жинады. Апта ішінде клуб шабуылшы Валентин Демченкомен қоштасып, орнына «Лададан» Вячеслав Основинді қаржылай өтемақыға айырбастап алды.

Ал «Барыс» сенбі күні тартысты өткен ойында «Сібірді» (6:4) тізе бүктірді. Бұл кездесуде Семён Симонов КХЛ-дегі алғашқы дублін жасаса, Дмитрий Бреус пен Иэн Маккошен «Барыс» құрамындағы тұңғыш шайбаларын соқты. Үш (1+2) ұпай жинаған Джейк Масси маусым басында Лиганың ең нәтижелі қорғаушыларының қатарына қосылды. Қазір оның еншісінде 2 гол мен 6 пас бар. Сондай-ақ осы ойында Всеволод Логвин мен Адиль Бекетаев маусымдағы алғашқы нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті. Бас бапкер Михаил Кравец командасының тағы да алғаш болып гол жібергенін, алайда мінез танытып, жеңісті жұлып әкеткенін айтты.

Қазіргі кезде қазақстандық клуб тоғыз ойында 9 ұпайға ие. Майкл Веккьоне (4+5) астаналықтардың ең үздік бомбардирі болып отыр. 


«Барыс» – «Адмирал» матчы Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ



GD INSTA.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Авангард – UTLC Ice Cup турнирінің екі дүркін жеңімпазы

new-preview
12 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 5-ші күні

new-preview
18 фото
Barys

UTLC Ice Cup 2026. 4-ші күні