Қаңтар айындағы соңғы өз алаңындағы ойындс астаналық ұжым «Адмиралды» қабылдайды.
Өткен турда Владивосток командасы Омбыда «Авангардтан» 2:5 есебімен жеңіліп, қатарынан тоғызыншы рет ұтылды. Шайбаларды Оскар Булавчук пен Степан Старков соқты. Қақпашы Иван Кульбаков қақпаға бағытталған 36 соққыны қайтарды. Бас бапкер Олег Браташ командасының ойын жағынан мықты қарсыластармен тең дәрежеде күресіп жүргенін, алайда әзірге нәтиже жоқ екенін айтты.
48 матчтан кейін «Адмиралдың» еншісінде 34 ұпай бар. Дедлайн қарсаңында «теңізшілер» бірқатар хоккейшілермен қоштасты. Олардың қатарында команданың ең нәтижелі ойыншысы Даниил Гутик, сондай-ақ Игорь Гераськин мен Егор Петухов бар. Олар тиісінше «Спартак», «Торпедо» және «Сочи» клубтарына ауысты. Команда құрамын қақпашы Иван Кульбаков, қорғаушы Семён Ибрагимов және шабуылшылар Даниэль Усманов пен Егор Чезганов толықтырды. Гутик кеткеннен кейін көшбасшылық міндетті Степан Старков өз мойнына алды (11 гол + 17 нәтижелі пас). Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Дмитрий Дерябин мен шабуылшы Александр Дарьин бар.
«Барыс» өткен сенбіде Нижнекамскіде өткен драмалық ойында «Нефтехимиктен» 2:3 есебімен жеңілді. Голдардың авторлары Семён Симонов (маусымдағы 10-шы шайба) және Макс Уиллман (маусымдағы 10-шы ұпай). Кездесудің соңғы секундтарында қонақтар есепті теңестіргендей болғанымен, төрешілер Майкл Веккьоненің шайбаны аяқпен соққаны үшін голды есепке алмады. Райли Уолш командада екінші болып 30 ұпайға (9+21) жетті. Қақпашы Адам Шил 27 соққыны қайтарды. Бас бапкер Михаил Кравец бұл сапардан да оң тұстарды тауып, жұмысты жалғастыру керегін айтты.
51 матчтан кейін қазақстандықтардың еншісінде 39 ұпай бар. Кирилл Савицкий жарақат алғандар тізімінен шығарылып, бірнеше күннен бері командамен жаттығып жүр. Мэйсон Мореллидің матчқа қатысуы әзірге белгісіз.
«Барыс» – «Адмирал» матчы Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Кездесудің тікелей трансляциясы KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.