«Барыстың» өз айдынында өткізіп жатқан матчтар сериясы аясындағы келесі қарсыласы – «Адмирал».
Владивосток қаласы командасы өткен турда өз айдынында буллиттер сериясында «Ақ Барсқа» есе жіберді – 1:2. Либор Шулак снайперлік қоржынын тағы бір шайбамен толықтырды. Қақпашы Андрей Мишуров қазандықтардың 37 соққысына тосқауыл болды. Леонид Тамбиев командасына сан басымдығында гол соғу мен өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру жетіспегенін айтты.
Тұрақты чемпионаттың 47 матчында «Адмирал» 48 ұпай олжалаған. Команданың үздік сұрмергені – Даниил Гутик, оның еншісінде 36 (17+19) ұпай бар. Шабуылшы Егор Степанов жарақаттанғандар тізімінде.
«Барыс» жексенбі күні чемпионаттың көшбасшы командасы «Локомотивтен» жеңілді (0:3). Кездесу тағдыры ярославілік ұжым екі сан басымдығын жүзеге асырған екінші кезеңде шешілді. Никита Бояркин 30 соққыны кері қайтарды. Ғалым Мамбетәлиев шәкірттерінің шабуыл нүктесін қояр сәтте асығыстыққа бой алдырғанын жеткізді.
Қазақстандық ұжым қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 48 матчтан кейін 25 ұпай. Батырлан Мұратов жарақат алған ойыншылар тізімінен шығарылды.
«Барыс» - «Адмирал» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.
Кездесуді Qazsport және KHL Prime телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.