
«Барыс» маусымның алғашқы сырт айдындағы матчтар сериясын Екатеринбургте бастайды.
«Автомобилист» жаңа маусымның алғашқы бес кезедсуінің үшеуінде жеңіске жетті. Өткен турда Николай Заварухин бастаған команда өз айдынында «Салават Юлаевты» ірі есеппен жеңді (6:1). Бұл ойында Брукс Мэйсек дубль авторы атанса, Сергей Зборовский, Алексей Бывальцев, Кертис Волк пен Анатолий Голышев уфалық команда қақпасынан саңылау тапты. Евгений Аликин қарсыластың 28 соққысын кері қайтарған. Екатеринбургтік ұжымның бас бапкері командасының жүйелі ойын өрнегін көрсеткенін, әйткенмен таблодағы көрсеткішке қарамастан, жүйке тоздырар матч болғанын атап өтті.
«Автомобилист» қоржынында қазір алты ұпай бар, сонымен қатар команда соғылған шайбалар көрсеткіші бойынша Шығыс конференциясында көш бастап тұр. Команданың үздік сұрмергені – Анатолий Голышев (2+3). Ник Эберт (2+2) Лиганың ең нәтижелі қорғаушыларының үздік сегіздігіне кіреді.
«Барыс» биылғы тұрақты маусымда бірде-бір жеңіске қол жеткізбеген жалғыз команда болып отыр. Жұма күні астаналық хоккейшілер өз айдынында минскілік «Динамодан» жеңіліс тапты (1:5). Никита Бояркин өз қақпасына жасалған 48 соққыға тосқауыл болды, бұл – қазақстандық қақпашының ҚХЛ мансабындағы екінші үздік нәтижесі. Команданың жалғыз шайбасының авторы «Барыс» сапындағы голын соққан Майкл Маклауд болды. Әділ Бекетаев маусымдағы алғашқы нәтижелі ұпайын олжалады. Дэвид Немирвоски кейбір бестіктерде үйлесімділік пайда бола бастағанын, алайда жеңіске жету үшін барлық құрамды дұрыс жасақтау керек екенін айтты.
Төрт кездесуде елордалық клуб тек бір ұпай еншілей алды. Майкл Маклауд (1+1) пен Уилл Бутчер (0+2) – қазақстандық команданың ең нәтижелі ойыншылары. Батырлан Мұратов пен Натан Больё жарақат алғандар тізімінен шығарылған жоқ. Екатеринбургте командаға «Снежные Барсы» қорғаушылары Бейбарыс Оразов пен Аслан Жүсіпбеков қосылды.
«Автомобилист» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесуді тікелей эфирде Qazsport және KHL Prime телеарналары көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.