Авангард - Барыс матчы алдында
29 Қазан 2025

Авангард - Барыс матчы алдында

Қазақстан астанасынан келген команданың сырт алаңдағы ойыны Омскте жалғасады. Мұнда «Авангард» пен «Барыс» биылғы маусымдағы екінші ойынын өткізеді. Алғашқы кездесуде астаналықтар өз аренасында қарсыласын 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Өткен турда Ги Бушенің ойыншылары өз алаңында «Металлургке» (1:4) есе жіберді. Дамир Шарипзяновтың соққан шайбасы мен Никита Серебряковтың 24 сейві чемпионат көшбасшысына қарсы ойында ұпай алуға жеткіліксіз болды. Омбылықтардың бас бапкері «5-ке қарсы 5» жағдайында команда жақсы ойнағанын, соққы бойынша қарсыласынан басым болғанын, алайда ереже бұзушылық бәрін бұзғанын айтты.

«Авангард» 19 ойыннан кейін 25 ұпай жинады. Константин Окулов (8+13) пен Эндрю Потуральски (7+14) – осы маусымның ең нәтижелі алты ойыншысының қатарында. Дамир Шарипзянов (6+11) пен Максим Лажуа (5+12) қорғаушылар арасындағы бомбардирлер рейтингінің жоғарғы бөлігінде. Шабуылшы Наиль Якупов жарақатына байланысты ойыннан тыс қалды.

«Барыс» дүйсенбі күні төрт матчтық ұпайлы сериясын тоқтатты. Команда Нижнекамскіде «Нефтехимикке» (2:3) есе жіберді. Команда қақпасына Ансар Шайхмедденов және үздік бомбардир Райли Уолш (7+9) шайба соқты. Онымен қатар Майкл Веккьоне де жақсы нәтижемен көзге түсіп жүр, ол командада бірінші болып 10 пас белгісіне жетті. Андрей Шутов 31 сейв жасады. Михаил Кравец көптеген жеке қателіктерге және кейбір ойыншылардың өз міндеттерін дұрыс орындамағанына назар аударды.

 «Барыстың» қоржынында 20 ойыннан кейін 19 ұпай бар. Бүгінгі кездесу Михаил Кравец үшін ҚХЛ клубтарының бас бапкері ретіндегі 400-ші ойыны болмақ.

«Авангард» – «Барыс» матчының басталуы – Астана уақытымен 18:30.

Ойынның тікелей трансляциясы KHL, KHL Prime және Qazsport арналарында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


IMG_0651.jpegВыездное турне коллектива из столицы Казахстана продолжится в Омске, где «Авангард» и «Барыс» проведут второй очный поединок текущего сезона. В первой встрече сильнее оказались астанчане, уверенно переигравшие «ястребов» на домашней арене со счётом 6:2.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Тайс Томпсон Барыста қалды

new-preview
Barys
Барыс

Барыс БЖСМ - Қазақстандағы маусымның үздік хоккей мектебі

new-preview
Barys

Джейк Масси Барыспен екі маусымға келісімшартын ұзартты