Амур - Барыс матчы алдында
31 Қаңтар 2026

Амур - Барыс матчы алдында

«Барыс» ағымдағы тұрақты чемпионаттағы алғашқы Қиыр Шығыс сапарын Хабаровскіде бастайды.

Өткен турда «Амур» өз айдынында «Автомобилистті» сенімді ұтып (5:2), жеңілістер сериясын тоқтатты. Шайбаларды Александр Гальченюк, Никита Евсеев, Артём Шварёв, Алекс Броадхёрст және Евгений Свечников соқты. Максим Дорожко 26 сейв жасап, ал Рид Буше буллит орындау кезінде алаңға шыққан оның орнына келген Виктор Кобозев қарсыласқа есепті өзгертуге мүмкіндік бермеді. Александр Андриевский бұл жеңісті командадағы ұйымшыл ойын әкелгенін атап өтті.

50 матчтан кейін хабаровскілік команда 41 ұпай жинады. «Жолбарыстардың» үздік бомбардирі Ярослав Лихачёв (14+10). Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Роман Абросимов бар.

«Барыс» сәрсенбі күні өз айдынында «Адмиралдан» жеңілді (2:5). Тайс Томпсон маусымдағы 10-шы шайбасын соқты. Тағы бір голдың авторы Джейк Масси. Жарақатынан кейін негізгі құрамға оралған Кирилл Савицкий осы тұрақты чемпионаттағы нәтижелі пастарын 10-ға жеткізді. Адам Шил 19 соққыны қайтарды. Михаил Кравец командасы плей-офф аймағынан алыстай бастаған сәтте маңызды сынақтан өте алмағанын айтты.

Астаналықтар 52 матчтан кейін 39 ұпаймен жарысты жалғастыруда. Майкл Веккьоне (12+18) мен Райли Уолш (9+21) – елорда командасындағы ең нәтижелі ойыншылар. Алдағы кездесулерде «Барыс» бапкерлер штабы команданың бірінші орталық шабуылшысы Мэйсон Мореллидің көмегіне сене алмайды, ол жарақат алғандар тізіміне енгізілді.

«Амур» - «Барыс» матчы Астана уақытымен 12:00-де басталады.

Ойынның тікелей трансляциясы KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

   matchday social (8).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Нидерланды – Қазақстан 3:0

new-preview
Barys
Tomiris

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты IB. Қазақстан – Латвия 2:3 Б

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасының қорытынды тізімінде