Амур – Барыс матчы қарсаңында
18 Ақпан 2024

Амур – Барыс матчы қарсаңында


«Барыс» пен «Амур» Хабаровсктегі өзара екінші ойынын өткізеді.

Жұма күні айдын иелері 4:1 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді. Станислав Бочаров, Дмитрий Шевченко, Кирилл Слепец пен Алекс Броадхёрстің дәл соққылары «Амурдың» жеңіске жетуіне көмектесті. Игорь Бобков 24 соққыға тосқауыл болды.

«Барыстың» ойындағы жалғыз шайбасын Евгений Рымарев соқты. Роман Старченко Құрлықтық хоккей лигасындағы 200-нәтижелі пасын берді. 13 соққыдан кейін 3 шайба жіберген Эдвард Паскуалені қақпада Андрей Шутов алмастырды (27 сейв).

«Амур» мен «Барыстың» биылғы маусымдағы теке-тіресінде хабаровскілік клуб алда (3:2 ОТ, 2:0, 4:1).

Кездесу «Платинум Арена» мұз айдынында Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Ойынды KHL және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

 

gd_social (26).jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Номад қатарынан 13-ші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
12 фото
Nomad

Торпедо - Номад

new-preview
Nomad

Екінші матч алдында «Торпедо» - «Номад».