
«Барыс» Қиыр Шығыстағы сапарын Хабаровскте жалғастырады.
«Амур» Шығыс конференциясында плей-оффқа шығу үшін талас жүргізуін жалғастырып жатыр және Андрей Мартемьянов шәкірттері соңғы бес ойында жеңіске жетті (бұл тізімде Астанадағы екі матч та бар – 3:2 ОТ және 2:0). Өткен турда хабаровскілік команда өз айдынында «Тракторды» жеңді (4:2). Дубль авторы атанған Владислав Барулин кездесудің басты қаһарманы атанды. Сондай-ақ, Ян Дрозг пен Станислав Бочаров дәл соққыларымен көзге түсті. Матчта 34 сейв жасаған Игорь Бобков кері қайтарылған соққылар көрсеткіші бойынша Лиганың үздік үш қақпашысының қатарына кіреді (93,2%).
«Амур» қоржынында маусымның 63 ойынынан кейін 66 ұпай бар. Осы маусымда 42 (15+27) ұпай олжалаған Егор Коршков – команданың үздік сұрмергені. Команданың жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Кэмерон Ли, шабуылшылар Евгений Грачёв пен Пётр Хохряков бар.
«Барыс» сәрсенбі күні Владивостокта «Адмиралды» жеңіп (3:2), жеңілістер сериясын үзді. Евгений Рымарев мансабында алғаш рет ҚХЛ-да дубль жасаса, Энтони Камара тағы бір нәтижелі соққының авторы атанды. Астаналық ұжымның үздік сұрмергені Понтус Оберг (16+19) соңғы бес матчта алғаш рет нәтижелі ұпай олжалады. Эдвард Паскуале 51 соққыға тосқауыл болды, бұл – канадалық қақпашы үшін рекордтық нәтиже.
63 ойында қазақстандық команда 48 ұпай олжалады. Бүгінгі матчқа Егор Шалапов пен Кирилл Савицкийдің қатысуы екіталай.
Кездесу «Платинум Арена» мұз айдынында Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Матчты KHL Prime және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.