Қыркүйектегі соңғы матчында «Барыс» сырт алаңда «Ак Барспен» кездеседі.
Қазандықтар соңғы турда Магнитогорскіде «Металлургтен» 1:2 есебімен жеңілді. Қонақтар сапындағы жалғыз шайбаның авторы Кирилл Семёнов болды. Тимур Билялов қақпаға бағытталған 32 соққыны қайтарды. Анвар Гатиятулин командасына сан басымдығын жүзеге асыруда және шабуылды аяқтау кезінде табандылық пен дәлдік жетіспегенін атап өтті.
10 матчтан кейін команда қоржынында 13 ұпай бар. Бұл нәтиже қазіргі таңда Шығыс конференциясындағы төртінші орынға сәйкес келеді. Аталған Семёнов командасының үздік сұрмергені саналады (2+7). Жарақат алғандар қатарында шабуылшы Артём Галимов бар.
«Барыс» жексенбі күні Астанада СКА-дан 3:5 есебімен жеңілді. Всеволод Логвин дубль жасап, қатарынан төрт матч бойы ұпай жинап келеді. Тағы бір шайбаны Семён Симонов соқты. Логан Дэй «Барыс» сапындағы алғашқы нәтижелі пасын тіркеді. Михаил Кравец ойыншылары бірінші кезеңде сәтсіз ойнап, бұрынғы қателіктерін қайталағанын айтты.
Астаналықтар 9 ойыннан кейін 10 ұпаймен сырт алаңға аттанды. Джастин Бэйли (7+5) чемпионаттың үздік сұрмергендері мен мергендерінің қатарында. Қорғаушы Мәди Диханбек әлі де жарақат алғандар тізімінде.
«Ак Барс» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.
Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.