
«Барыс» маусыманың алғашқы сырт айдындағы матчтар сериясын Қазанда жалғастырады.
«Ақ Барс» өткен турда өз айдынында Гагарин Кубогының иегері «Металлургт» жеңді (2:0). Қазандық команданың жеңіске жетуіне Альберт Яруллин мен Артём Галимовтың (бос қақпаға) дәл соққылары мен Амир Мифтаховтың 22 сейві көмектесті. «Ақ Барс» қақпашысы 104 минут 7 секунд бойы өз қақпасына шабйа жібермеген. Анвар Гатиятулин өз жанкүйерлері алдында өткізген алғашқы матчтың эмоцияға толы болғанын айтты.
Төрт кездесуде «Ақ Барс» төрт ұпай еншілеген. Команданың үздік сұрмергені – жаңадан қосылған Николас Петан (2+3). Қазандық команданың тағы бір жаңа ойыншысы Александр Барабанов пен Дмитрий Яшкин биылғы маусымның барлық матчында ұпай олжалаған (екеуі де – 1+3). Амир Мифтахов сенімділік көрсеткіші жағынан (0,96) және кері қайтарылған соққылары бойынша (96%) Лигадағы ең үздік көрсеткішке ие қақпашы.
«Барыс» сейсенбі күні маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Астаналықтар Екатеринбургтегі матчтың овертаймында жергілікті «Автомобилисті» жеңді (2:1). Кирилл Савицкий (маусымдағы алғашық шайбасы) мен Майкл Маклауд соғылған шайбалардың авторы атанды. Екеуіне де Роман Старченко пас берді. Никита Бояркин 36 соққыға тосқауыл болды. 19 жастағы қорғаушылар Бейбарыс Оразов пен Аслан Жүсіпбеков Құрлықтық хоккей лигасындағы дебюттік матчтарын өткізді. Дэвид Немировски матчтан кейін бұл жеңістің маңызын атап өтіп, командаға жүйені біріздендіру үшін тағы да уақыт керек екенін атап өтті.
Қазақстандық команданың қоржынында бес матчтан кейін үш ұпай бар. Майкл Маклауд (2+1) – астаналық команданың бүгінгі күндегі ең нәтижелі ойыншысы. Кішігірім жарақаттарына байланысты кешкі ойынға Дамир Жафяров пен Виктор Антипиг қатыспауы мүмкін.
«Ақ Барс» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Кездесуде Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.