Адмирал – Барыс матчы қарсаңында
13 Наурыз 2025

Адмирал – Барыс матчы қарсаңында

GD AWAY NEW (1).jpg

«Барыс» тұрақты маусымның соңғы сырт айдындағы матчтар сериясын Владивостоктабастайды. 

«Адмирал» сейсенбі күні маусымда алтыншы ретҚиыр Шығыстың тағы бір командасы «Амурды» жеңді (5:2). Никита Сошников дубль жасаса, Дмитрий Завгородний, Егор Петухов пен команданың үздік сұрмергені Даниил Гутик (22+25) өз есептеріне бір шайбадан жазды. Андрей Мишуров 29 сейв жасады. Леонид Тамбиевкомандасының бірінші кезеңді жақсы өткізгенін және ол ойынның жалғасына тікелей әсер еткенінайтты. Маусымның 63 матчында «Адмирал» 67 ұпай еншілеген.  Шабуылщы Артем Николаев жарақат алған ойыншылар тізімінде. 

«Барыс» өткен турда өз айдынында ЦСКАқақпасының кілтін таба алмай, жеңіліс тапты (0:3). Артем Шестаков қарсыластың 26 соққысын керіқайтарды. Ғалым Мамбетәлиев командасының кем дегенде бір гол соғуға лайықты ойын өрнегін көрсеткенін атап өтті. Қазақстандық команда қоржынында 63 матчтан кейін 33 ұпай бар. Кирилл Савицкий жарақат алған ойыншылар тізіміненшығарылды. Команда алдағы ойындарда үздік сұрмерген Антон Бурдасовқа (12+5) есеп жасайалмайды, шабуылшы медициналық себептергебайланысты сырт айдындағы сапарға аттанған жоқ. 

«Адмирал» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 14:30-да басталады. 

Кездесуді Qazsport және KHL Prime арналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған. 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

«Номад» оқу-жаттығу жиындарын бастайды

new-preview
Barys
Nomad

Барыс пен Горняк ойыншылармен алмасты

new-preview
Barys
Nomad

Номад пен Торпедо ойыншыларға қатысты құқықтармен алмасты