Адмирал – Барыс матчы қарсаңында
04 Ақпан 2025

Адмирал – Барыс матчы қарсаңында

GD AWAY.jpgСырт айдындағы матчтар сериясының соңғы ойынында «Барыс» Владивостокта «Адмиралмен» кездеседі.

23 қаңтарда Астанада буллиттер сериясында жеңіске жеткеннен кейін (3:2), «Адмирал» қатарынан үш ойында жеңіліс тапты. Өткен турда Владивосток қаласы командасы овертаймда «Сібірден» жеңілді – 3:4. Шайба авторлары – Вячеслав Основин, Джек Родуолд пен Никита Сошников. Илья Коновалов пен Андрей Мишуров жалпы 32 соққыға тосқауыл болды. Леонид Тамбиев шәкірттерін еншіленген бір ұпай үшін алғыс айтып, овертаймда командасының сылбыр ойнағанын және басымдықты қарсыласқа беріп қойғанын айтты.

«Адмирал» маусымның 51 ойынында 52 ұпай олжалады. Команданың үзідк сұрмергені – Даниил Гутик (18+19). Қорғаушы Артем Чмыхов пен шабуылшы Александр Шевченко жарақат алған ойыншылар тізімінде.

«Барыс» жексенбіде «Амур» қақпасының кілтін таба алған жоқ (0:5). Астаналық команда қарсылас қақпасына 34 соққы жасағанымен, Дамир Шаймардановтан айласын асыра алмады. Юхан Маттсон болса, өз есебіне 16 сейвті жазды. Қазақстандық ұжым қоржынындағы ұпйа саны өзгеріссіз – 52 матчтан кейін 28 ұпай.

 

«Адмирал» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 14:30-да басталады.

Кездесуді KHL телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі  - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 



Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номад бірқатар ойыншыға квалификациялық ұсыныстар жасады

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.

new-preview
12 фото
Nomad

PRO LIGASY финалының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі