"Номада" және "Алтай Торпедо" ойыншылары Астанадағы алғашқы матчқа түсініктеме берді.
17 Қаңтар 2019

"Номада" және "Алтай Торпедо" ойыншылары Астанадағы алғашқы матчқа түсініктеме берді.

"Номад" пен "Алтай Торпедо" арасындағы алғашқы матчта өскемендік команда екпінді үшінші кезеңнің арқасында жеңіске жетті.

Бастапқы кезеңде нысанаға жеткен шайбалар болған жоқ. Ал екінші ойын кезеңінде көрермендер қақпа алудың бірден бес көрінісіне куә болды. "Көшпенділер" Клещенко, Савицкий және Шмурыгиннің дәл лақтыруларына жауап ретінде қонақтар Михайлов пен Лихотников өз шайбаларын дәл лақтырды. Бес шайбаның төртеуі сәтті лақтырылғанын атап өткен абзал.

Кездесудің соңғы үштен бір уақытында Ерлан Сағымбаевтың шәкірттері басымдық алды. Торпедолықтар тек қарымталап қана қоймай, Худяковтың, Спиридонов пен Ивановтың (бос қақпаға) нақты соққылары арқасында жеңіске жете алды. 3:5 - "Номад" қатарынан екінші жеңіліске ұшырады.

Екінші матч ертең "Барыс Аренаның" "Б" блогында өтеді. Басталуы 13: 00-де.

Андрей Спиридонов, "Алтай Торпедо" ХК шабуылшысы

- Үйдегі өкінішті екі жеңілістен кейін бізге бұл жеңіс өте қажет болды. Менің ойымша, "Бейбарыспен" тең ойнадық, бірақ қарсыласымыз өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды, ал біз – пайдалана алмадық. Сондықтан да жеңілдік. Бүгінгі ойын бойы біз шыдап бақтық, уақытында шайба соғып, жеңіске жеттік.

- Бүгін өте нәтижелі ойын болды.

- Бүгін біз өз ойынымызды ұстандық. Қарсыластың матчтарын сараптадық, бапкер бізге қалай әрекет ету қажет екенін түсіндірді. Берілген тапсырма бойынша ойнадық, бірақ нәтижесінде, ойын осылай болып шықты.  Біз бес шайба лақтырдық. Мұндай нәтижелі ойынның еш жамандығы жоқ, ең бастысы– біз жеңдік.

 

 Илья Ковзалов, "Номад" ХК шабуылшысы

- Қарсыласымыз өте жақсы, шебер. Негізінде, ойын жаман болған жоқ. Бірақ, жалпы, екпін жетіспеді, көп қателіктерге ұрындық, сан рет қатарымыз сиреп отырды. Аз ойыншы болып ойнауға тура келді, көп күш жұмсадық. Мұның тиген кесірі үшінші кезеңде айқын көрінді. Біз қимылдарымызды шапшаңдатып, қақпаны алуға тырысуымыз қажет. Негізінен, қимылымыз ширай бастады, енді тең құрамдарда да соғу керек. Өз міндетімізді орындауға тиіспіз.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев