ҚРАЧ. Финал. "Бейбарыс"-"Номад" матчының алдында
10 Сәуір 2019

ҚРАЧ. Финал. "Бейбарыс"-"Номад" матчының алдында

11 сәуірде «Бейбарыс» пен «Номад» Атырауда Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының шеңберіндегі бесінші жарысын өткізеді. Ұжымдар Владимир Клинганың командасының пайдасына сериядағы 3-1 есебімен Батыс Қазақстанға оралды.

Қазақстан астанасында өткен екі кездесу өте шиеленісті өтті. Екі ретте  де командаларға жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. Бірінші ойында «көшпенділер» овертаймда (3:2) шешуші шайбаны салып, таразы басын өздеріне қарай аудара алды. Келесі күні осы финалда екінші буллиттер сериясын ұтып «Бейбарыс» жеңімпаз болды. Атыраулық қонақтар үшінші кезеңнің аяқталуынан 10 секунд бұрын кездесуді құтқарып қалды.

Өз командаларына жеңісті Ярослав Евдокимовтың және Иван кучиннің дәл лақтырыстары алып келді. Осы плей-оффта, буллиттер сериясында ойнаған «Номадтың» жас қақпашысы Денис Каратаев мұз айдынында алғаш рет шықты.

 Плей офф сатысында «Бейбарыс» өткізілген жеті матчтың өз айдынындағы біреуінен ғана жеңіліс тапты. Дәстүр бойынша команда өз айдынында  қорғанысқа қатты назар салады, сондықтан ертең «Номад» ойыншыларына серияны Нұр-Сұлтанға қайтару үшін бар күшін салу қажет болады.

11 сәуірдегі матчтың басталуы астана уақытымен 20:00-де.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев