НҰРСҰЛТАН БЕЛГІБАЕВ: «БОЙД ПЕН РЫСПАЕВ ҮШІН БАРША ҚАЗАҚСТАН АЛАҢДАУЛЫ»
21 Тамыз 2016

НҰРСҰЛТАН БЕЛГІБАЕВ: «БОЙД ПЕН РЫСПАЕВ ҮШІН БАРША ҚАЗАҚСТАН АЛАҢДАУЛЫ»

Жастар арасынан суырылып шыққан және ересектер арасында «Барыстың» лагеріне қатысқан Қазақстандық форвард Нұрсұлтан Белгібаев,  Russia-Hockey.ru порталына қазақстандық клубта резонанс тудырған оқиғаға пікірін білдірді.  

- Бірінші кезекте «Барыс» сапында соққан алғашқы шайбаңызбен құттықтай отырып, 24 жастағы астана хоккей мектебі түлегімен әңгімені бастасақ.

- Рахмет, ол Тольяттидегі бақылау турнирінде «Юграға» қарсы ойында болды. (4:3) Кездесу ресми деп есептелген жоқ. Сондықтан «Барыс» құрамында толыққанды гол соқтым деп өзімді есептемеймін. Сол себепті құттықтау қабылдауға әлі ерте.

- Яғни шайбаны өзіңізге естелікке қалдырған жоқсыз ба?

- Жоқ, ҚХЛ чемпионатындағы нағыз голды күтіп жүрмін. Дегенмен де қазір шайба соғуды ғана емес, бапкерлерге өзімді көрсетіп, Қазақстанның басты клубындағы өнерімді сәтті бастау керекпін.

- Тольяттидегі ойынның бірінде сіз екінші топта шықтыңыз...

- Ол кезде командадағы жетекші ойыншылар жарақат алып қалған болатын. Соңғы жаттығуда төртінші үштікке іліндім. Мен үшін бұл алға ілгерілеу болып тұр. Чемпионаттағы алғашқы ойынымызда Новокузнецк командасымен ойнаймыз. Қарсыласпен өтетін кездесуге дейін бірінеше күн және жаттығулар бар. Соған дейін өзімді көрсетіп, құрамадағы орнымды айқындап алу керекпін. Оның үстіне жарақат алған жігіттер қатарға қосылып жатыр.

- Жарақат жайында. Госпитальда жатқан Қазақстан құрамасының және «Барыстың» орталық форварды Дастин Бойд ойын кезінде алған жарақатының жайын айтып берді. Естуімше, осы сұхбат Астанада кең көлемде талқыланыпты.  

- Ия солай. Барлығы Дастинге алаңдап отыр. Аяқтағы пластина мен бес бірдей бұранданың тұрғандығын барлығы жақсы түсінеді. Бұл оңай шаруа емес. Бойдтың бірнеше ай болмайтындығы өкінішті. Осы орайда мұхиттың арғы жағында жатқан әріптесіме барлық жігіттердің атынан қолдау білдіретіндігімізді айтқым келеді.

- «Барыс» көшбасшысына ауыр жарақат салған қарсыласқа есе қайтарғаны үшін Дамир Рыспаевты ойыннан мерзімсіз аластатылуын команда қалай қабылдады?

- Дастин де, Дамир де команданың негізгі ойыншылары. Шығарылған шешімді түсіне алмай отырмыз. Алайда ҚХЛ бұл мәселемен айналысатынын білеміз.

- Рыспаевпен араласасыз ба?

- Дамир сабырлы. Жаттығуда бұрыңғыдан қарағанда көп жұмыс істейді. Қазіргі кезеңде «Номад» сапында (қазақстандық клуб лигасы.  RHR).

- «Куньлунь» командасымен болған ойындағы шулы эпизодта Рыспаев, Данияр Қаиров және Мадияр Ибрайбековпен бірге айдында болдыңыз. Бойд үшін есе қайтардыңдар. Сол жердегі әрекет қалай болды?

- Дамир айдынға шықты. Қарсылас жан-жаққа шашырай кетті. Меніңше Бойдқа салған жарақат жайлы ой, оларды ойын басталғаннан бері мазалап жүрді.  

- Аталған эпизод «Барыс» үшін солай аяқталады деген ой болды ма?  

- Олай деп айту қиын. Меніңше барлық Қазақстан хоккейі Дастин мен Дамир үшін алаңдаулы. Біраз уақытқа ойыншылардан айырлып отырмыз. Бұл командаға оңай емес.

- Форс-мажорлық жағдайда «Барыстан» және Қазақстан құрамасынан маусым басталарда не күтуе болады?  

- Қазір бізге жанкүйерлердің қолдауы аса қажет. Және де біз жастар, алға қадам басу керекпіз. Тіпті міндеттіміз!

Дереккөз: Russia-Hockey.ru

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan