Номад жеңіс сериясын тоқтатты
14 Қараша 2025

Номад жеңіс сериясын тоқтатты


Бүгін Константин Пушкарёвтің ойыншылары «Торпедомен» екінші мәрте кездесіп, алаң иелеріне 2:5 есебімен жол берді. Есепті алғашқы болып Андрей Рунов ашты, алайда көп ұзамай Олег Бойко таразы басын теңестірді. Екінші кезеңде Абай Маңғыспаев «Номадты» алға шығарғанымен, осыдан кейін «көшпенділердің» шабуылдағы ойыны бәсеңдеп, бастама қарсыластардың қолына өтті. Александр Панченко мен Никита Колобов алаң иелерінің басымдығын арттырды. Кездесудің соңғы минуттарында Андрей Рунов пен Андрей Лагунов бос қақпаға екі шайба соғып, матчтың нәтижесін түбегейлі шешті. Рунов бұл ойында дубль авторы атанды.

«Торпедо» - «Номад» 5:2 (1:1, 1:1, 3:0)

1:0 - 08:46 - Рунов (Александров, Лагунов)

1:1 - 12:46 - Бойко

1:2 - 24:21 - Маңғыспаев (Оспанов, Гатиятов)

2:2 - 36:49 - Панченко (Колобов, Глухих)

3:2 - 55:46 - Колобов (Панченко)

4:2 - 58:56 - Рунов БҚ

5:2 - 59:38 - Лагунов (Пестов) БҚ

Қақпашылар: Пестов - Калмыков

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Королёв, Никитин, Оразов және Ляпунов екіжақты келісімшартқа қол қойды

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Барыс «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты