Бүгін астаналық ұжым Көкшетауда «Арланға» қарсы тамаша ойын өткізіп, 6:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Кездесу барысында қарсылас команда «Номадтың» қақпасын ала алмады. Қақпашы Юргис Дубинскас 34 соққыны қайтарып, сенімді ойын көрсетті. Матчтың басты жұлдызы хет-трик авторы Әділ Бейсембаев. Сонымен қатар Абылайхан Сүлейменов пен Даниил Цыбин де нәтижелі шабуылдарымен көзге түсті. Ал команда сапына жаңадан қосылған Нұрали Айтмағамбетов Pro Ligasy-дегі алғашқы шайбасын соқты.
Енді Константин Пушкарёвтің ойыншыларын көкшетаулықтармен ертеңгі екінші кездесу күтіп тұр. Матч 19:00-де басталады.
«Арлан» - «Номад» 0:6 (0:0, 0:2, 0:4)
0:1 - 29:33 - Сүлейменов (Касенов, Ситников)
0:2 - 33:13 - Айтмағамбетов (Сүлейменов, Цыбин)
0:3 - 41:02 - Бейсембаев (Решетько, Гатиятов)
0:4 - 45:30 - Бейсембаев (Гусейнов)
0:5 - 53:14 - Цыбин (Айтмағамбетов)
0:6 - 57:24 - Бейсембаев (Гатиятов)
Қақпашылар: Мейдер (Истомин, 41:02-60:00) - Дубинскас
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.