Номад маусымдағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді
02 Қараша 2025

Номад маусымдағы 20-шы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін «Ақтөбеге»  қарсы екінші матчта «Номад» 3:2 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік кестеде көш басындағы позициясын нығайтты және регулярлық чемпионаттағы 20-шы жеңісін тіркеді. Алдыңғы кездесуде команда маусым бойы 100 шайба соғу мақсатына тек бір қадам қалдырған еді, ал бүгінгі матч юбилейлі шайбаға айналды. Оның авторы Вячеслав Колесников. Сондай-ақ, Артур Гатиятов пен Александр Мигунов нәтижелі ойын көрсетті.

Келесі матчтарды Константин Пушкарёвтің ойыншылары 6 және 7 қарашада «Құлагер» командасына қарсы өз алаңында өткізеді.

«Номад» - «Ақтөбе» 3:2 (1:0, 0:1, 2:1)

1:0 – 14:36 Колесников (Ляпунов, Бойко)

1:1 – 34:26 Петров (Надейкин) АГ

2:1 – 43:23 Гатиятов (Диханбек, Гусейнов) АГ

3:1 – 43:59 Мигунов (Китаров, Решетько)

3:2 – 56:05 Калиниченко (Плотников)

Қақпашылар: Дударкиев - Дубович


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

«Барыс» жүйесіндегі хоккейшілері әлем чемпионатында қалай ойын көрсетті

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ IA. Қазақстан – Франция 2:1 Б

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан хоккейден әлемнің элиталық дивизионына қайта оралды