Никита Михайлис: «Дайындық өте маңызды өтуде»
05 Мамыр 2021

Никита Михайлис: «Дайындық өте маңызды өтуде»

Бүгін «Барыс-Аренада» Қазақстан ұлттық құрамасы БАҚ-қа арнап ашық
жаттығу өткізді. «Барыс» шабуылшысы Никита Михайлис жаттығу процесіне
қатысты өз пікірін білдірді.
- Никита, ҚХЛ-дағы маусым аяқталып, жиын басталғанға дейінгі
аралықтағы аз уақытты қалай өткіздің?

- Біраз демалдым, қызыммен және достарымен жылы жақтарға барып
қайттым. Қалпыма келдім, шамалы уақытымды хоккейсіз өткіздім. Ұшып
келген соң, бірден жаттығуға кірістім: зал, мұз айдыны, бапкермен бірге
жаттықтым, жекелеген дағдыларыммен жұмыс жасадым. Қазір командамен
бірге жаттығып жатырмын.
- Өзінің қазіргі физикалық жай-күйіңді қалай бағалайсың?
- Демалғаннан кейін, біртіндеп жұмысқа кірісе бастадым. Алдымен өзім
жайлап кірістім, қазір командаға қосылдым. Жүктемелер артуда. Нәтижені
әлем чемпионатында көрсететін боламыз.
- Сіздің Волкпен және Савицкиймен үйлесімділігіңіздің арқасында
екіжақты матч кезінде көп ұпай жиналды, сен өзің бес гол соқтың.
Мұндай машықтық немен байланысты?

- Екеуі де дәл қажетті уақытта пас беру, гол соғу бойынша шеберлік пен
біліктілікті меңгерген. Ойланып ойнау барлығында бірдей, сол себепті бір-
бірін оңай түсінеді. Бірақ бұл екі жақты кездесуде, оларды ұмыту керек те,
әрі қарай жұмыс істеп, ойынды одан әрі жақсарта түсуіміз керек.
Басымдықпен ойнайтын сәттерді, шабуыл алаңындағы ойынды күшейту
керек. Біз бір-бірімізбен сөйлесіп, дұрыс немесе дұрыс емес эпизодтарды
талқылап отырамыз. Бұл бізге ойынды одан әрі жақсарта түсуге көмектеседі
деп ойлаймын.
- Бұрын сен элиталық дивизионда әлем чемпионаттарында өнер
көрсеткен жоқсың. Турнир алдындағы көңіл-күйің қалай?

- Иә, дайындық өте маңызды өтіп жатыр. Мен Ригаға тезірек ұшып келіп,
турнир басталып, өзімді және командада жақсы ойын көрсеткім келеді. Әр
матчта тек жеңіспен шығатын боламыз.
- Қарсылас жақтың жаңалықтарын қадағалап отырасың ба?
- Жоқ, мен оны қадағаламаймын. Қазір барлық көңіл-күй - жаттығу
процесінде. Мұның бәрі бізге байланысты, біз қарсыластарды аңдымай,
өзімізге бақылау жасауымыз керек.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
16 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі АҚШ – Қазақстан

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция