Никита Клещенко: "Мінезділік пен сабырлықтың арқасында жеңісті жұлып алдық"
08 Ақпан 2019

Никита Клещенко: "Мінезділік пен сабырлықтың арқасында жеңісті жұлып алдық"

Латвия құрамасының қақпасына соғылған шайбалардың бірінің авторы "Номад" қорғаушысы Никита Клещенко Мұрагерлік Кубоктың қорытынды матчынан соң өз әсерімен бөлісті.

- Никита, кешегі матчтан соң қалыпқа келуге өте аз уақыт берілді. Шешуші айқасқа күштеріңіз жетті ме? 

- Сәл шаршаңқылық сезілді. Кейбір сәттерде соңғы күш-жігерімізді жинағандай болдық. Бірақ, жігіттердің бәрі бұл матчты лайықты түрде ойнау керектігін түсінген. 

-Бапкерлер латыштармен ойын кезінде бірінші кезекте не нәрсеге көңіл аудару керектігін айтты?  

 - Бапкерлер латыштардың алдыңғы қарсыластарға қарағанда барынша жасампаз, шығармашыл екендіктерін ескерткен. Ойын алдында қарсыластың қалай ойнайтыны туралы бейнежазба көрсетілді, назар аудартқаны-қорғаушыларының шабуылға қосылғанды жақсы көретіндері болды.

 - Жеңу ұстанымы берік болды ма? Әлде бұл турнир Универсиадаға дайындықтың бір сатысы ма? 

- Тек жеңіске жетеміз деген көңіл-күйде болдық, бұл тек қана дайындық деген ойлар мүлде болған жоқ. Қазақстандық жанкүйерлеріміздің де бізді бағып қарап отырғанын білеміз, соларды қуантқымыз келді. Өкінішке орай, мұны негізгі уақытта істей алмадық. Қателік жібердік, сәл қарапайымырақ ойнау керек еді, кей жерде шайбаны аймақтан шығарып әкету сенімдірек. Дегенмен, мінезділік пен сабырлықтың арқасында жеңісті жұлып әкеттік. Кейбір сәттерді айтпағанда, біз қарсыласқа қарағанда сенімдірек болдық.

 - Бүгін сен қазақстандық құрама жейдесіндегі бірінші шайбаңды салдың. Әсеріңмен бөліссең.   

- Бірінші шайба-қашанда ерекше сезім, ал енді құрама үшін соғу екі есе жағымды әсер береді.   

- Сендер 9 ақпанда кешке ұшып келесіңдер, ал 10 және 11 ақпанда "Номадтың" "Арланға" қарсы маңызды матчтары күтіп тұр. Команда бұл айқастарға қаншалықты дайын болады? 

- Әрине жүз пайыз тыныққан дайындықта бола алмаймыз. Бірақ қорқатын ештеңесі де жоқ. Тек барынша ақылмен және қарсыластарға өз хоккейімізді таңып ойнау керек болады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3