«Барыс» жастар командасы чемпионатты 20 қыркүйекте бастайды
11 Қыркүйек 2025

«Барыс» жастар командасы чемпионатты 20 қыркүйекте бастайды


ҚХФ республикалық жарыстарды өткізу департаменті 2025-26 жылғы маусымдағы Қазақстан жастар чемпионатының күнтізбесінің алғашқы бөлігін ұсынды.

Күнтізбенің бастапқы нұсқасы 14 команданың қатысуымен жасалған еді, алайда қаржылық қиындықтарға байланысты Өзбекстан командасы маусымды өткізіп жіберу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта чемпионат кестесі 13 қатысушыға бейімделіп өзгертілуде.

Алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының жүлделері үшін «Астана», «Барыс», «Туран Тайгерс», «Кармет», «Жас Батыр», «Арлан», «Ақтөбе», «Горняк», «Құлагер», «Алматы», «Мұнайшы», «Торпедо» және «Сұңқар» командалары таласады. Турнир екі кезеңнен тұрады. Тұрақты чемпионат аясында әр команда 48 матч өткізеді. Кейін үздік сегіздік плей-офф кезеңінде жүлделер үшін күресті жалғастырады.

«Барыс» чемпионаттағы алғашқы ойынын 20-21 қыркүйекте өз алаңында «Торпедоға» қарсы өткізеді. 24 және 25 қыркүйекте елорда командасы «Ақтөбені», ал 29 және 30 қыркүйекте «Мұнайшыны» қабылдайды. Алғашқы сырт алаңдағы кездесулерді Андрей Шаяновтың шәкірттері 4-5 қазанда Өскеменде өткізеді.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
12 фото
Tomiris

Айсулу - Томирис