"Жастар" ҚЖЛ . "Ақтөбе" – "Барыс" матчының алдында
17 Қаңтар 2019

"Жастар" ҚЖЛ . "Ақтөбе" – "Барыс" матчының алдында

18 және 19 қаңтарда "Барыс" жастар командасы сырт алаңда "Жастар" ҚЖС аясында кезекті матчтарды өткізеді. Біздің команданың қарсыласы турнир кестесінің көшбасшысы "Ақтөбе" болады.

Ақтөбеліктер қазақстандық хоккей тарихында алғаш рет жастар чемпионатын күшті қарқынмен өткізіп, маусымды көшбасшы позициясында аяқтауға барлық мүмкіндіктері бар. Қазір Юлиус Пензестің шәкірттері чемпионаттың ең бірінші ойынынан бастау алған 20-матчтық жеңіс сериясына қол жеткізді. Бұл ретте батыс қазақстандықтар ең жоғары 60 ұпайдан 59 ұпай жинап, тек 1 ұпайдан айырылды.

Өткен турда "Ақтөбе" өз алаңындағы мұз айдынында ең ірі жеңіс бойынша чемпионат рекордын орнатты. 16:2 есебімен павлодарлық "Мұнайшы" жеңіліске ұшырады. Команданың үздік сұрмергені – Иван Зинченко (65 ұпай, 27+38) лиганың ең нәтижелі ойыншысы болып табылады.

Қазіргі уақытта "Барыс" өз еншісіне 56 ұпай жинап екінші орынға орналасты. Өткен турда астаналық ұжым өз алаңында петропавлдық "Құлагер" командасын екі рет жеңді (11:2 және 5:3). Шабуылшы Адам Евлоев (41 балл, 24+17) біріншіліктің үздік сұрмергендері бестігін тәмамдайды.

Ағымдағы маусымда командалар Астанада екі рет бетпе-бет кездесіп, ойынның екеуінде де "Ақтөбе" өкілдері жеңістерін тойлады (1:0 және 7:2).

Алдағы ойындардың сипаты аса маңызды болмақ, себебі командалардың қорытынды кестеде орын иеленуіне осы ойындардың нәтижесі айтарлықтай әсер ететін болады.

Матч 18 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.

Матч 19 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де басталады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3