ЖХЛ. «Мамонты Югры» – «Снежные Барсы» матчының алдында
02 Қараша 2019

ЖХЛ. «Мамонты Югры» – «Снежные Барсы» матчының алдында

«Снежные Барсы» ойын сериясын өткізуге Ханты-Мансийскіге қысқа мерзімге аттанды, ол жерде 3 және 4 қарашада «Мамонты Югры» командасымен күш сынасады.

«Мамонттар» маусымды өте сәтті бастады деуге келмейді. 20 матчта 6 рет жеңіске жетті (14 ұпай). Осы себепті команда ЖХЛ Шығыс конференциясында тек 14-ші орынға жайғасты. Ханты-мансийліктердің үздік сұрмергені – шабуылшы Иван Савчик, 10 (3+7) ұпай жинады.

Өткен турда Дмитрий Бурлуцкийдің шәкірттері Челябинскіде екі рет «Белые Медведи» командасына жол берді (1:3 және 0:1 овертаймда). Қарсыластардың қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы Кирилл Руденко болды.

«Снежные Барсы» есебіндегі ұпай саны да сондай, бірақ Қазақстанның астаналық ұжымы 4 ойын артық өткізді.

Өткен демалыста Сергей Старыгиннің командасы «Ирбиспен» арадағы өз алаңында өткен тартыста ұпаймен бөлісті  (2:1 жеңіс және 0:3 жеңіліс). Өзінің мергендік есебін Диас Атаханов пен «Номад» командасынан келген Саян Данияр толықтырды.

«Барыстардың» үздік сұрмергені Диас Гусейнов (25 ұпай, 3+22) үш матч бойы нәтижелі ұпай жинай алмады.

Өткен маусымда «Мамонты Югры» қарсыласы «Снежные Барсы» командасымен үш рет кездесіп, бір ғана ойында овертаймда жеңіліс тапты.

Ханты-Мансийскіде өтетін матчтар Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 14:00 -де басталады.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3