Майк Веккьоне «Барыс» құрамын толықтырды
18 Тамыз 2025

Майк Веккьоне «Барыс» құрамын толықтырды

«Барыс» «Трактор» клубымен жасаған алмастыру келісімінен кейін Майкл Веккьонемен біржақты келісімшартқа қол қойды. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.

Шабуылшы өзінің бүкіл кәсіби мансабын Солтүстік Америкада өткізді. Соңғы төрт маусым бойы Веккьоне ҰХЛ-дың «Вашингтон Кэпиталз» клубының фарм-командасы — «Херши Беарс» сапында өнер көрсетіп, екі мәрте Колдер Кубогын иеленді. Өткен маусымда Майк АХЛ-дың тұрақты чемпионатында 68 матч өткізіп, 39 (19+20) ұпай жинады. Плей-офф кезеңіндегі 8 ойында 3 шайба соғып, 1 нәтижелі пас берді.


Майк Веккьоне туралы мәлімет:

Туған күні: 1993 жыл 25 ақпан

Алаңдағы орны: шабуылшы

Бойы: 178 см

Салмағы: 88 кг

Ойын таяғын ұстау бағыты: оң жақ


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

vecc.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі