Максвелл Уиллман – Барыс клубының жаңа ойыншысы
01 Қараша 2025

Максвелл Уиллман – Барыс клубының жаңа ойыншысы

«Барыс» хоккей клубы Максвелл (Макс) Уиллманмен біржақты келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Шабуылшы кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америкада өткізген. Оның статистикасында Ұлттық хоккей лигасындағы («Филадельфия» және «Нью-Джерси» командалары сапында) 68 матч бар. Қазақстанға келер алдында «Ютика» клубында ойнады. Өткен маусымда Макс АХЛ-дың тұрақты чемпионатында «Кометс» құрамында 69 ойында 30 (10+20) ұпай жинады.

Максвелл Уиллман

Туған күні: 13.02.1995.

Алаңдағы орны: шабуылшы.

Бойы: 183 см.

Салмағы: 83 кг.

Ойын таяғын ұстау бағыты: сол жақ.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

max.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Кинопоиск Пучков атындағы турнирдің матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы командасының қыркүйектегі алғашқы ойындарына билеттер сатылымда

new-preview
Barys

Барыс Лададан жеңісті жұлып алды