МАКСИМ СЕМЁНОВ: "ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУ КЕРЕК"
24 Сәуір 2016

МАКСИМ СЕМЁНОВ: "ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУ КЕРЕК"

Республикалық Sports.kz интернет-порталының тілшісне сұхбат берген қорғаушы Максим Семёнов жаттығу жиыны туралы айтты

— Максим, екі жақта өткізген матч туралы айтып беріңізші? 
— Көптен бері салмақ салып ойнамаған едік. Осы аралықта артылған үлкен жұмысты атқарып, хоккейді дұрыс ойнау керек деген бапкердің қойған тапсырмасын тез түсінуге тырыстық. Артық-кем түскен тұстарымыз болды.  Қарсыластарымыз да именіп қалған жоқ. Сондықтан бүгінгі кездесудің есебі осылай болды.

— Басында 4:3 болды. Ал осы екінші жолғы кездесуде еркін сезіну болды ма?  
— Физикалық тұрғыда мүмкін солай болған да шығар. Тіпті нашар көрінген де болармыз. Десе де хоккейді қалай ойнау керектігін еске түсіріп жатырмыз.

— Бір айда ұмытып қалдыңдар ма? 
— Бір айдан асып кетті. Осы аралықта жоғалтқан қалпымызды қайтарып, дұрыс тактикалық қимылдарымызды еске түсіру керекпіз. Бұл жолда қиындық пен жеңілдікті ойламау қажет. Сондықтан жаттығу жұмысын жалғастыра беру керек. Ал аталған ойын болса біздің жоспардағы жұмыстың жалғасы ғана.  

— Атқарылған жұмысқа бапкердің көңілі тола ма? 
— Жеңіс, дегенмен жеңіс қой. Бапкер риза. Алайда хоккейді дұрыс ойнауды жылдамдату үшін әлді де болса жұмыс істеу керектігі айталды.  

—Өткен кездесуден кейін жаттығу қарқыны сәл де болса бәсеңдеген шығар?  
— Осы ойындардан кейін бәсеңдейтін шығар. Жүктеме азаяды.  Десе де ар жағында үш-ақ күн қалады. Одан кейін ұшуға көп уақыт кетеді. Күнара ойын өткізіп, тағы ұшамыз. Кесте өте тығыз болғандықтан жаттығуға уақыт болмайды. 

— Алғашқы жолдастық кездесуді бұрын әлем чемпионатында кездесіп көрмеген Ресей құрамасы болады. Франция және Венгриямен жиі ойнап жүрміз. Дәл мұндай тәжірибе бірінші рет болғалы тұр. Одан не күтесіз?

— Ресей құрамасына ілінгісі келетін жігіттер өте көп. Сондықтан олар да жақсы қырынан көзге түсу үшін барын салатын болады. Сол себептен қызықты ойын күтеміз. 

— «Барыс» командасының бірінші үштігіне келуіңді есепке ала отырып, әлем чемпионатынан не күтесің?

— Алға ұмтылатын бір ғана нәрсе – элиталық топта қалу және барынша жоғары деңгейде ойын көрсету. Тағы да қайталып айтамын: алға қойған тапсырма, чемпионаттан күтетініміз, арманымыз ол – элиталық топта қалып, бізге жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап шығу.

Дереккөз: Sports.kz

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев