МАКСИМ СЕМЁНОВ: «ЖАНКҮЙЕРЛЕРІМІЗДІ ҚУАНТУ ҮШІН АЯНЫП ҚАЛМАЙМЫЗ»
14 Сәуір 2016

МАКСИМ СЕМЁНОВ: «ЖАНКҮЙЕРЛЕРІМІЗДІ ҚУАНТУ ҮШІН АЯНЫП ҚАЛМАЙМЫЗ»

Russia-Hockey.ru порталының бүгінгі қонағы «Барыс» клубының және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Максим Семёнов. Астанада әлем чемпионатына дайындық жүргізіп жатқан 32 жастағы ойыншы осыдан тура бес жыл бұрын «Атлант» командасы сапында ҚХЛ плей-офф кезеңінің финалында өнер көрсеткен болатын.

-Максим, Андрей Назаров бастаған бапкерлер штабының ұсынған  жаттығуды орындауға шама келіп жатыр ма?    

-Күш түсіретіндей жүк баршылық. Дегенмен біздің жұмыстың өзі содан тұрады ғой. 

- ҚХЛ хоккейшілерінің көбі қазір жағажайда тынығып жатыр. Оларға қызықпайсыз ба?

- Әрбір ойыншының демалуына уақыт табылады. Ал Мәскеуде болатын әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі екінің біріне бұйыра бермейді. Сондықтан, керісінше олар бізге қызығатын болар. 

- Маусым аяқталғаннан кейін сәуірде жаттығуды бастап кету қиын шығар? 

- Жоқ, біз үйреніп алғанбыз. Осыдан бір жыл бұрын осы құраммен сәуірде жақсылап дайындалған едік. Соның нәтижесінде біздің құрама әлем чемпионатының 1А дивизионындағы барлық кездесуін жеңіп алған болатын.

 -Жанкүйерлер тарапы бапкерлер құрамының жаңа жаттығуларын, оның ішінде сатыдан секірту әдісін көп талқылауда. Ол сіз үшін таңсық па?

- Жылдам жүк түсіруге арналған тамаша жаттығу. Бала жасымыздан сатылардан секіріп жүрдік қой. Сондықтан бұл жаттығу өткен 30 жылға қайта оралтқандай болды (күледі).

 

- Қазақстанның болашақ қарсыластары осы күндері белсенді түрде ұлттық хоккей лигасының ойыншыларымен күшейіп жатыр. Айталық, Дания құрамасына мұхиттың арғы жағынан үш хоккейші келді. Ал сіздердің құрамаларыңыз ҰХЛ кімге иек артпақ...  

-Біз қарсыластырды бақылауда ұстап отырмыз. Дегенмен де өз күшімізге сенеміз. Мәскеудегі додада ойын бірінен кейін бірі өтетіндіктен, функцияналдық дайындық көп жағдайды шешеді.  Содан кейін команданың ұйымшыл қимылдауы және ойыншылардың жарақат алу негізгі фактор болып табылады.

Егер бапкерлеріміздің жоспарын ойдағыдай орындап, турнирде жоғары деңгейде ойнайтын болсақ, онда элиталық дивизиондағы орнымызды алғаш рет ұзақ жыл сақтап тұрудан нәтиже көрсетеміз. Тіпті ұлттық хоккей лигасы ойыншыларының қолдауынсыз.    

-Мұз айдынындағы жаттығуда сіз Кевин Даллмэнмен алғаш рет жұптасып жұмыс істеп жатырсыз. Клубта бірге ойнамаған хоккейшімен дайындық жүргізу үйреншікті емес шығар?

-Өткен жылы 1А дивизионындағы әлем чемпионатында Андрей Назаров екеумізді жұптастырған болатын. Сондықтан бірінші жаттығуыдан-ақ бір-бірімізге тез үйренісіп кетеміз деген ойдамын.

-Даллмэнмен бірге ойнағанда тек екінші қорғаушы ғана емес, сонымен қатар төртінші форвард ретінде ауыр шығар?

-Біріншіден, Кевин – нақты қорғаушы. Ол барлық шайбасын шабуыл өтінде емес, өзінің позициясы  көк сызықтың бойынан соғады. Екіншіден, ол өз ісінің шебері. Онымен бірге ойнаған өте қызықты. Сондай-ақ Қазақстан құрамасындағы өзге қорғаушылармен де дәл солай.

-Гагарин Кубогының финалдық бәсекесіндегі ЦСКА мен «Металлург» ойынын бақылып отырсыз ба?

-Ойынан гөрі нәтижесі қалай болатындығы қызықты. Жалпы, хоккей ойынын сырттан қарап отырғанды жақсы көрмеймін. Меніңше осы спорт түрін ойнағаннан қызықты ештеңе жоқ сияқты.

-Қай командаға жанкүйерсіз?  

-Клуб үшін емес, адамдар үшін алаңдаймын. Мысалы, «Магнитканың» капитаны «Атлант» сапында менің әріптесім болған Сергей Мозякин үшін. Осыдан бес жыл бұрын финалда Уфаға қарсы ойнаған едік. Өкінішке қарай жеңіліп қалдық. Сондай-ақ «Магнитканың» бапкері Виктор Козловты қолдаймын. Ол кісімен Тольяттидің «Ладасында» тоғысқан едік.

-Мозякин – «Металлургтың» үздік бомбардирі ғана емес, сонымен қатар Чехияда өткен соңғы әлем чемпионатында Ресей құрамасы сапында үздік деп танылған еді. Кешегі ойында дәл сол ойыншы айдынан уақытша аластатылып, соның нәтижесінде «Магнитка» финалдық сериядағы есепті теңесті. Соған қарағанда сіз онымен 8 мамырда жүздесесіз...

-Кездесеміз деген үміттемін. Ресейде кез келген қорғаушы үшін Мозякин сияқты қиын қарсылас жоқ шығар.

-Неге?

- Сергей – өте ақылды, қисынға келмейтін форвард деуге болды. Тіпті ештеңе шығара алмайтын болса, ойын барысында қарсыласының осал тұсын тауып, дегеніне жетеді. Оған мысал ретінде осыдан бір жыл бұрын америкалықтармен жартылай финалдағы ойынды айтуға болады.

-Сіздің ойыңызша алдығы әлем чемпионатының басты фавориті кім?

-Мен Ресей құрамасы деп ойламын. Өйткені маусым бойы ұлттық команданы күшейтуге екпін салынды.  Егер Ресей құрамасы Мәскеу-2016 жарысын жеңіп алмаса таң қалатын боламын.

Солай десем де Қазақстан құрамасына сәттілік жолдас болсын деп тілейік.  Біз жанкүйерлерімізді қуанту үшін аянып қалмаймыз. Сол жолда сәуір бойы қарқынды жаттығу жүргіземіз. 

Дереккөз: Russia-Hockey.ru

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Франция – Қазақстан 1:3