Майкл Шапю Барысқа ауысты
25 Қыркүйек 2022

Майкл Шапю Барысқа ауысты

«Барыс» хоккей клубы Майкл Шапюмен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Канадалық форвардпен келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Орталық шабуылшы бүкіл мансабын Солтүстік Америкада өткізген. 2010 жылы Майкл «Филадельфия» командасына келіп, содан бері ҰХЛ-да 182 матч өткізген. 2016 жылы спортшы Колдер Кубогының иегері атанды.

Өткен маусымда Шапю «Питтсбургтің» фарм-командасы «Уилкс-Барре/Скрэнтон Пингвинз» құрамында өнер көрсетті. 57 кездесуде ойыншы 33 (12+21) ұпай жинады. Жалпы АХЛ-да шабуылшы 445 ойын өткізіп, 292 (121+171) ұпай жинады.

Майкл Шапю

Туған күні: 09.04.1992.

Бойы: 188 см.

Салмағы: 90 кг

Сырғытпатаяқты ұстау: сол жақ.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan