Мәди Диханбек: «Барлығы өздерін жақсы жағынан көрсетіп, жаттықтырушылардың сенімін ақтағысы келеді»
15 Мамыр 2023

Мәди Диханбек: «Барлығы өздерін жақсы жағынан көрсетіп, жаттықтырушылардың сенімін ақтағысы келеді»

Ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғаш рет сынға түскен «Номадтың» қорғаушысы Мәди Диханбек элиталық дивизиондағы алғашқы матчтан кейінгі эмоцияларымен бөлісті.

- Керемет сезім, ойыннан ләззат алдым. Әр ауысымда бұл деңгейді сезіну, осы деңгейге қаншалықты дайын екеніңді тексеру қызықты болды.

- Бірінші матчта өте мықты қарсыласқа қарсы ойнадың, Қазақстан чемпионатымен айырмашылық сезілді ме?

- Чехия ойыншылары шайбаны жылдам әрі дәл қозғады. Осыған байланысты біз оларды қуып жете алмай жаттық. Әрине, олардың дене бітімі көзге түсті, барлық ойыншылар ірі денелі әрі мықты. Барлығы дерлік жоғары деңгейде ҰХЛ, ҚХЛ-да ойнады. Бірақ шын мәнінде кімге қарсы шығатынымыз маған бәрібір. Өз ойынымызды көрсетіп, командаға көмектесу керек болды. Біз әр матчта және Қазақстан чемпионатында дәл осылай жасауға тырысамыз.

- Норвегиямен болған матчтан кейін біз Самат Даниярмен сөйлестік, ол ойын тәртібін азырақ бұзудың қажеттілігін айтты. Бірақ, шын мәнінде, осы айып минуттар Чехиямен ойында шешуші рөл ойнады.

- Иә, кейбір ойыннан қуылуларды «жай» немесе «қажет емес» деп атауға болар. Бұл жерде, мүмкін мәселе жылдамдықта болар, қашан да жетіп үлгермей жаттық. Қатаң ойнау керек. Толық құрамда ойнаған кезде жақсы қорғандық, қарсыластарға кеңістік бермеу үшін аяқпен жылдам ойнау керек.

- Андрей Шутов қайтарылған соққылар саны бойынша әлем чемпионатының көшбасшысы болып табылады және турнирде бәрінен көп уақыт ойнады. Қақпашыңызды қалай қолдайсыз?

- «Шут» Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінде де тамаша ойнады. Ол бізге «алтынды» жеңіп алуға көмектесті және қазір жақсы көңіл-күйде. Иә, қарсыластар біздің қақпамызға әжептәуір көп соққы бағыттап жатады, бірақ ол қақпаны қорғап қалуда. Әрі қарай да осылай жұмыс істейді және ойнайды деп үміттенемін.

- Төртінші буын нәтижелі ойын көрсетіп жүр. Мұхаметов екі шайба соғып үлгерді, Мұратов үш нәтижелі пас берді. Бұл да «Номадта» бірге ойнағанның нәтижесі ме?

- Иә, Макс пен Батырлан маусым бойы «Номадта» өздерін жақсы жағынан танытты, олардың жұптық ойыны тамаша. Олар бір-бірін жақсы сезеді және бұл оларға көмектеседі. Негізінде, барлық бестік жас жігіттерден тұрады, Димаш – біздің құраманың ең жас ойыншысы, Данил Бутенко, бүгін міне мен ойнадым. Барлығы өздерін жақсы жағынан көрсеткісі келеді және жаттықтырушылардың сенімін ақтағысы келеді. 

- Алда Швейцария және Канада құрамаларымен кездесу күтіп тұр. Ол кездесулерге қалай дайындалмақсыз?

- Ертең бізде залда қысқа жаттығу өтпек. Демаламыз, қарсыластың ойыны жазылған бейнежазбаларды көреміз, ойын өрнегін талдаймыз. Қарсы амал табармыз деп ойлаймын, ең бастысы өз жоспарымыз бойынша әрекет ету және ойыннан ләззат алу.

 

Фото – ИИХФ

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Дэвид Немировски - Барыс бас бапкері

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әлихан Әсетов

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Әділ Бекетаев