Луис, Рахманов и Петухов ҚХЛ-дағы мерейтойлық матчтарын өткізді
22 Қаңтар 2023

Луис, Рахманов и Петухов ҚХЛ-дағы мерейтойлық матчтарын өткізді

Кеше сырт айдында «Автомобилистке» қарсы болған кездесуде «Барыстың» үш ойыншысы Лигадағы мерейтойлық матчтарын өткізді.

Энтони Луис астаналық ұжымның сапын маусым басында толықтырғанымен, Лигадағы елуінші ойынын өткізіп үлгерді. Осы уақыт аралығында шабуылшы 26 (9+17) ұпай еншіледі, ол – команданың үшінші үздік сұрмергені. Луис әр матчта орта есеппен 17 минуттан көп ойын уақытын алады.

Өзге қазақстандық клубтардан өнер көрсетіп, араға бес жыл салып «Барысқа» қайта оралған тәжірибелі шабуылшы Михаил Рахманов Құрлықтық хоккей лигасының 150 матчына қатысты. Ол «Барыс» құрамында 26 (14+12) ұпай олжалаған.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Мансабындағы ең үздік маусымын өткізіп жатқан Егор Петухов Құрлықтық хоккей лигасындағы екі жүз елуінші мерейтойлық ойынын өткізді. Биылғы маусымда шабуылшы 15 шайба соғып үлгерді. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі маусымдарда соққан голдарынан бір шайбаға ғана кем. Бүгінде Егор – команданың осы маусымдағы екінші снайпері. Жалпы, Егор Петухов Құрлықтық хоккей лигасында 48 (31+17) ұпай еншілеген.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Максим Мухаметов Барыстан кетті

new-preview
Barys

Батырлан Мұратов Барыста тағы бір маусым қалады

new-preview
Barys
Nomad

Номад пен Торпедо ойыншыларға қатысты құқықтармен алмасты