Линден Вей ҚХЛ жұлдыздар матчына қатысады
28 Қазан 2022

Линден Вей ҚХЛ жұлдыздар матчына қатысады

Құрлықтық хоккей лигасы Челябинскідегі жұлдызды уикэндке командалардың толық құрамын ұсынады.

2022 жылдың 10 қазанында Челябинскіде өтетін Фонбет ҚХЛ 2022 жұлдыздарының матчына ойыншыларды таңдау басталды, тоғыз күн ішінде жанкүйерлер ең лайықты деген 16 хоккейшіні таңдады, сәл кейінірек оларға БАҚ өкілдері тағы 12 ойыншыны тізімге қосты. Лига командалардың түпкілікті құрамын қалыптастырды.

Чернышев дивизионының құрамына шабуылшы Линден Вей кірді. Ағымдағы маусымда «Барыс» капитаны 23 матч өткізіп, өз еншісіне 17 (11+6) ұпай жазды. Линден қазақстандықтардың үздік бомбардирі болып табылады, сондай-ақ ҚХЛ-дың үздік мергендерінің қатарына кіреді. Канадалық үшін алдағы Жұлдыздар Матчы мансабындағы осындай екінші матч болмақ. 2018 жылы «Барыстың» ойыншысы ретінде ол Астанадағы ҚХЛ Жұлдыздарының «үй айдынындағы» матчына қатысқан еді.

 

Командалардың толық құрамын, сондай-ақ барлық қажетті ақпаратты мына жерден табуға болады.

24 қазан күні allstarweek.com сайтында МИР карталарын ұстаушылар үшін жұлдызды уикэндтің барлық іс-шараларына билеттерді алдын ала сату басталды. Сіз билеттерді бірден ЖХЛ Шақыру кубогына (3 желтоқсан), ӘХЛ Жұлдыздар Матчына (4 желтоқсан), Мастер-шоу мен Фонбет ҚХЛ 2022 Жұлдыздар Матчына (10 және 11 желтоқсан) сатып ала аласыз.

Билеттерді алдын-ала сату 2022 жылдың 28 қазанында Мәскеу уақытымен сағат 14.00-ге дейін өтеді, содан кейін билеттер барлығына қолжетімді болады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2

new-preview
20 фото
Barys
Nomad

World Cup. Slovakia - Kazakhstan